03 қараша 2014 13:20

The Moloty тобы "На вершине Тенгри" жобасының жартылай финалына өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Moloty тобының солисі. ©Владимир Прокопенко The Moloty тобының солисі. ©Владимир Прокопенко

"На вершине Тенгри" жобасының VI маусымында қазан айындағы жартылай финалға өткен алғашқы топ The Moloty болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"На вершине Тенгри" жобасының VI маусымында қазан айындағы жартылай финалға өткен алғашқы топ The Moloty болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қараша айындағы сессия Some Toir, The Moloty және "Эклектика" топтары қатысқан концертпен басталды. Қазылар алқасы The Moloty тобын қараша айындағы алғашқы концерттің жеңімпазы деп таныды. Кеш әдеттегідей Event City Hall-да (бұрынғы Cinemabar) өтті.

Motor-Roller тобының мүшесі Әсет Нарманбетов концерттің қонағы болды. Қазақстандағы рок-мәдениет туралы айтқан ол қазіргі жастардың жанды дыбыстармен көбірек әуестенетінін атап өтті. "Егер жастар концерттерге келіп, әртістерді қолдайтын болса, рок дамиды. Үлкен концерт алаңдары болады, рок-н-ролл инфрақұрылымы дамитын болады. Бәрі жатардың қолында", - деді Нарманбетов. 

"Біз мәреге жақындап қалдық. Іріктелетін тамаша командалар желтоқсан айындағы финалда өнер көрсетеді. Бірақ оның алдында біз 14 қараша күні қараша айындағы сессияға қатысушылар мен "Конец фильма" тобын тыңдауға жиналамыз. Бізді көңілді кеш, тамаша концерт күтіп тұр. Ұжымдар ерекше бағдарлама әзірлеп жатыр, олар түрлі дыбыстау мен стилистикаға қарамастан, бір-біріне жарасады. Өте қызықты болады. Бәрін шақырамыз", - деді Tengri FM радиосының креативті директоры Сергей Майборода.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйек күні Алматыда "На вершине Тенгри" жобасының қыркүйек сессиясының финалдық концерті өткен еді. Ресейлік "Агата Кристи" тобының бұрынғы фронтмені, қазіргі The Matrixx тобының жетекшісі Глеб Самойловпен бір сахнада қазақстандық iFly, "Алатау Jam" және Hadn't tea топтары өнер көрсетті. Олар акустикалық кеш ұсынды. Сессия жеңімпазы Hadn't tea желтоқсан айында өтетін финалға жолдама алды.

24 қазан күні екінші финал өтіп, онда LampЫ Orchestra тобы жеңіске жетті. Финалға өту үшін Paradox және "КуКумбер ұжымдары да бақ сынады. Екінші жартылай финалдың басты қонағы "Крематорий" тобы болды. Енді үшінші финалист анықталғаннан кейін музыканттар "На вершине Тенгри" жобасының үздік тобы атану үшін бәсекелесетін болады, финал алдағы желтоқсан айында өтеді. Алдыңғы екі сессия жеңімпаздары жүлде ретінде жоба әріптесі - APM music Land музыкалық аспаптар дүкені ұсынған 100 мың теңгеге ие болды.

Қараша айында болатын барлық үш концерттен (1, 8 және 12 қараша) іріктелген жеңімпаздар 14 қараша күні "Конец фильма" тобымен бір сахнада өнер көрсетеді. Топ жетекшісі Евгений Феклистов іріктеу сындарынан өткен музыканттармен бірге өнер көрсетудің тұтас музыкалық бағдарламасын әзірлеген.

"На вершине Tенгри" - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Оны Tengri FM радиостанциясы 2010 жылы қолға алды, жоба елдің шығармашыл жастарын қолдауға бағытталған. Музыканттар үлкен сахнада өнер көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, ұлттық радио эфиріндегі тегін ротация құқығына да ие болады. Жоба Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети