"Ночные снайперы" жаңа альбом жазуға кірісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ночные снайперы" жаңа альбом жазуға кірісті ©РИА Новости

"Ночные снайперы" тобы жаңа альбомның студиялық жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz топ әншісі Диана Арбенинаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ночные снайперы" тобы жаңа альбомның студиялық жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz топ әншісі Диана Арбенинаға сілтеме жасап. 

Орындаушының айтуынша, топтың басылып шықпаған әндері жиналып қалыпты, ұжым жаңа ән жазу мен дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Арбенина тәжірибе ретінде ағылшын тілінде бірнеше ән жазған. Музыкалық жаңа материалдар Мәскеу мен Лос-Анджелесте жасалмақ. "Ночные снайперы" студиялық дыбыс жазуға қосымша музыканттарды шақырмайтын болды - ұжымның қазіргі құрамы жеткен "дыбыс қабырғалары" эффектінің үніне Арбенинаның көңілі толады.  

Еске салайық, осы жылдың басында ұжымы өзгерген болатын және бүгінде топта соло-гитарашы Денис Жданов, бас-гитарашы Сергей Макаров және ұрмалы аспапта ойнайтын Дмитрий Горелов бар. Арбенинаның айтуынша, әндердің электрлік аранжировкасын жасау кезінде шығармашылық үндесу бар, мұның арқасында "снайперліктердің" концерттік дыбысталуы жаңа мәнерлі элементтермен байыған.

Жаңа альбомның қаша шығатынын Арбенина атамады. Болжам бойынша, жинақ 2015 жылдың бірінші жартысында шығады. "Ночные снайперы" тобының нөмірлік алдыңғы әнжинағы "4" деген атаумен 2012 жылы шықты, ал 2014 жылдың жазында Диана Арбенинаның "Мальчик на шаре" жеке электр альбомының тұсауы кесілді. Үнтабақ Таиландтағы Karma Sound Studios дыбыс жазу студиясының сессиондық музыканттары жазып, оны Universal Music Russia компаниясы басып шығарды.   

Айта кетейік, "Ночные Снайперы" тобының мерейтойлық үлкен концерті Алматы мен Астанада өтеді. Концерт – оңтүстік астанада 21 қазан күні Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында (басталуы 19.00), Астанада 22 қазан күні Конгресс-Холлда (басталуы 19.00).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети