14 маусым 2017 | 22:27

Nomad Way фестивалінің төртінші күні қалай өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалінің төртінші күнінде Болат Байрышев пен Алексей Чичаков (Belukha Jam) және Edil Khusainov & Satzhan Project топтары өнер көрсетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалінің төртінші күнінде Болат Байрышев пен Алексей Чичаков (Belukha Jam) және Edil Khusainov & Satzhan Project топтары өнер көрсетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алтайдың нағыз музыка шеберлері - Болот Байрышев, Алексей Чичаков және Belukha Jam Астанаға Nomad Way фестиваліне келді.

Болот Байрышев - Алтай Республикасының және Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі. Ол көмеймен ән айту өнерін жетік меңгерген және ұлттық аспаптарда ойнаудың хас шебері. Ішекті және үрмелі аспаптарда өнер көрсетеді.

Фестивальдің төртінші күнін қазақстандық Edil Khusainov & Satzhan Project ұжымы аяқтады. 

Еділ Құсайынов - аты кеңге жайылған қазақстандық орындаушы, ол қазақтың ежелгі аспаптарында өнер көрсетеді. 

 
© Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, фестивальдің бірінші күні қазақстандық "Тиграхауд", Hapanasasa топтары және әнші NАsia мен Өзбекстаннан келген "Аббос" тобы мен Башқұртстаннан келген "Аргымак" топтары өнер көрсеткен болатын. 

Ал екінші күні Nomad Way фестивалінде венгриялық Tilla Torok’s Band скрипкашылар тобы, Тәжікстаннан келген "Авесто" тобы, Татарстаннан келген Талғат Хасенов пен Бурятиядан келген Namgar топтары өнер көрсеткен еді.

Үшінші күні болса, фестиваль көшпелі елдердің сиқыры әлемінің әуенімен басталып, викингтер музыкасымен жалғасып, Башқұртстаннан келген қонақ кешті жапты. 

Еске салайық, 11 маусымда Астанадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында халықаралық Nomad Way көшпелі елдер фестивалі басталды. Фестиваль 15 маусымға дейін жалғасады.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Nomad Way көшпелі халықтар фестиваліне қатысты пікірін білдірді.

"Бұл тамаша әрі ерекше жоба. Бір-біріне ұқсас жобалар көп, бірақ Nomad Way - музыканттардың жоғары кәсібилігін көрсететін фестиваль. Nomad Way ұйымдастырушыларына көп алғыс айтқым келеді. Әлемнің мықты музыканттары келді. Осындай алуан түрліліктің бары қандай жақсы", - деді министр фестивальдің үшінші күні аяқталған соң.

Айта кетейік, жалпы Nomad Way шоуына түрлі елден 22 топ қатысып жатыр: DJ Нариман Исенов (Қазақстан); "Тиграхауд" тобы (Қазақстан); "Алдаспан" тобы (Қазақстан); Violons Barbares тобы (Болгария/Моңғолия/Австрия); "Aббос" тобы (Өзбекстан); "Арғымақ" (Башқұрстан); Tilla Torok’s Band тобы (Венгрия); Талғат Хасенов (Татарстан); Namgar тобы (Бурятия); Magic of Nomads тобы (Қазақстан); Shono тобы (Бурятия); Zaman тобы (Башқұрстан); Nordic Namgar тобы (Норвегия/Бурятия); Gulzada (Қырғызстан);  Avesto тобы (Тәжікстан); Чылтыс Таннагашева ( Шория); Б. Байрышев пен А.Чичаков (Алтай); Еділ Хұсаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Айархаан" тобы (Якутия); Радик Тюлюш пен "Чалама" тобы (Тыва); Baba Zula тобы (Түркия).

Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Кіру тегін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети