26 қазан 2020 09:04

НУ студенттер оркестрі қашықтан әйгілі "Адай" күйін орындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Университетінің (НУ) студенттері ерекше жоба ұсынды. Жастар оркестр жинап, онлайн-концерт бастады. Олар әртүрлі қалада өз партияларын бөлек жазып, артынша оны керемет композицияларға біріктіреді. Солардың бірі - Құрманғазының әйгілі "Адай" күйі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Назарбаев Университетінің (НУ) студенттері ерекше жоба ұсынды. Жастар оркестр жинап, онлайн-концерт бастады. Олар әртүрлі қалада өз партияларын бөлек жазып, артынша оны керемет композицияларға біріктіреді. Солардың бірі - Құрманғазының әйгілі "Адай" күйі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыканттар арасында жүздеген километр болды, сондықтан әрқайсы бөлек ойнады, бірақ НУ студенттері үйлесімді дыбысқа қол жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NU Orchestra (@nuorchestra)

Нәтижесінде Назарбаев Университетінің студенттері ғана емес, сонымен қатар қонақтары ләззат ала алатын ерекше өнім жасалды. Видео Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Ақтау, Атырау, Өскемен, Көкшетау, Шымкент және басқа қалалардан түсірілген.

Назарбаев Университетінің студенттері оркестрінде домбыра, қобыз және сазсырнайдан басқа гитара, скрипка, барабан, фортепиано, флейта және басқа да классикалық аспаптар ойналады. Барлық музыкант - НУ-да әртүрлі ғылыми мамандықтар бойынша оқитын студенттер. Олардың кейбірі музыкалық мектептерді бітірген, ал басқа біреулері өз бетінше үйренген.

НУ студенттерінің айтуынша, ұлттық музыка оларға оқу кезінде демалуға көмектеседі.

"Мен музыкасыз өмір сүре алмаймын. Музыка мен біздің дайындықтарымыз оқу барысында демалуға көп көмектеседі. Әсіресе емтихандар басталған кезде", - дейді 4-курс студенті, NU Orchestra скрипкашысы Айза Айтқожина.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NU Orchestra (@nuorchestra)

Әдетте НУ-дағы концерттер сәуірде болатын, бірақ 2020 жылы коронавирус пандемиясы мен карантинге байланысты барлық жоспар бұзылды.

"Күзде студенттер қалашығына оралып, дайындықты жалғастырып, үлкен залда концерт ұйымдастырамыз деп ойладық. Бірақ карантиндік шаралар қанша уақытқа созылатынын ешкім білмейді. Мен онлайн-концерт өткізуді ұсындым. Онлайн-концерт әдеттегіден де қиын болып шықты", - деді Назарбаев Университетінің студенті Айза Айтқожина.

Оркестр қазірдің өзінде үш бейнешығарма жариялаған және жыл соңына дейін 12-ге жуық ән жазуды жоспарлап отыр.

Назарбаев Университеті - Тұңғыш Президенттің бастамасымен 2010 жылы құрылған университет. Қазір ол Қазақстандағы жоғары білімнің флагманы атанды, енді ол халықаралық деңгейдегі зерттеу университетіне айналуды мақсат етіп отыр. Бұл Қазақстанда автономия және академиялық еркіндік принциптеріне негізделген алғашқы университет. Университеттің еншілес компаниялары қатарында университеттің медициналық орталығы, ұлттық зертхана бар, оның құрамына өмір туралы ғылымдар орталығы және энергетика мен жаңа материалдар туралы ғылым орталығы және т.б. кіреді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети