19 ақпан 2019 09:50

"Ол қай елден?". Корейлер мен америкалықтар Димаш Құдайбергеннің даусына таңғалды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/kudaibergenov.dimash © instagram/kudaibergenov.dimash

Оңтүстік Кореяның танымал әншісі Kim Hyunsoo қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің ән шырқағанын көріп эмоциясын жасыра алмады. Forte di Quattro тобының мүшесі қазақстандықтың ән айту шеберлігін өте жоғары бағалап, талантына тәнті болған. YouTube-те корей әншісінің Димаш Құдайбергеннің ән шырқағанына тәнті болған видеосы жарияланды.


Оңтүстік Кореяның танымал әншісі Kim Hyunsoo қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің ән шырқағанын көріп эмоциясын жасыра алмады. Forte di Quattro тобының мүшесі қазақстандықтың ән айту шеберлігін өте жоғары бағалап, талантына тәнті болған. YouTube-те корей әншісінің Димаш Құдайбергеннің ән шырқағанына тәнті болған видеосы жарияланды.

"Бұл әншінің даусы керемет. Бет жүзі келіскен, даусы осындай керемет адамдар өте сирек. Оның актерлік шеберлігі өте күшті, өзін актер ретінде жақсы ұстайды. Оның даусы таңғажайып. Ол қай елден? Ол жер бетіндегі адамға ұқсамайды. Ол сондай көркем адам. Оның бойында классикалық вокал әншісінің даусы бар. Оның сопрано даусына таңғалдым және ол тенор да бола алады. Оның режиссерлік қабілеті көрініп тұр. Мен ол сияқты жоғарғы нотаны шырқай алмаймын, оның октавасы менікінен жоғары", - деді корей әншісі.

Димаштың жанкүйерлеріне бұл ролик ұнаған. Себебі олар видеоға бірнеше пікір қалдырған:

"Сіз Димаштың әлемін сезінгеніңізге қуаныштымын. Ол қазақстандық әнші, бірақ оны біз әлемнің әншісі деп санаймыз".

"Вокалшы вокалшыны алыстан көреді. Димаш өзін алғаш тыңдағандарды жанкүйер қатарына қосты".

"Қандай керемет реакция. Басқа әншінің ән шырқауын өзінен жоғары қою оңай емес".

"Димаштың дауыс желбезегі ерекше және оның кәсіби білімі бар. Мен Плава Лагунаның "Пятый элемент" фильмінен арияны Димаш сияқты жанды дауыспен компьютерлік өңдеусіз шырқай алатын әншіні көргенім жоқ. Пікіріңізге рақмет".

Айта кетейік, қазіргі уақытта Димаш Құдайберген The World's Best таланттар шоуына қатысып жатыр. Осыған дейін желіде амирикалық отбасының оның ән шырқауына таңғалысын білдірген видеосы таралаған. Тыңдармандар Димаштың ақтық мәреге шығып қана қоймай, жеңімпаз атанатына сенімді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети