20 шілде 2020 10:13

Өзбекстандық әнші қазақстандықтарға қолдау көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин Джон Руми / Instagram Скрин Джон Руми / Instagram

Өзбекстанның танымал әншісі Джон Руми коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, Роза Рымбаеваның "Атамекен" әнін қазақ тілінде орындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өзбекстанның танымал әншісі Джон Руми коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, Роза Рымбаеваның "Атамекен" әнін қазақ тілінде орындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті, Қазақстан халқы. Барлығымыз қиын-қыстау кезеңді басымыздан өткеріп жатырмыз. 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы, ал 2019 жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылы деп жарияланғанын білесіздер. Өкінішке қарай, 2020 жылы әлемде күрделі кезең басталды. Мен елімнің қарапайым азаматы ретінде және Өзбекстан мәдениетінің өкілі ретінде сіздерді моральдық тұрғыда қолдауға шешім қабылдап, қазақша ән орындауды ұйғардым", - дейді әнші Instagram-дағы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Дорогой народ Казахстана. Мы все переживаем очень сложное время для всех нас. Как всем известно 2018 год был объявлен годом Узбекистана в Казахстане. 2019 - год был объявлен годом Казахстана в Узбекистане. К сожалению 2020 год начался с достаточно сложных испытании для планеты. Я как простой гражданин своей страны и как представитель культуры Узбекистана решил Вас морально поддержать. Спеть очень красивую песню на Казахском языке. ???? С уважением Джон Руми @tokayev_online @khabartv @informburo.kz @tengrinewskz @sayat88tss #kazakhstan #uzbekistan #johnroomy #вместемысила

Публикация от Джон Руми? (@johnroomy)

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 71 838-ге жетті. 43 029 науқас дертінен айықты, 464 адам қайтыс болды.

19 шілдедегі мәліметке сәйкес, Өзбекстанда 16 752 адам COVID-19 жұқтырды. 9 279 науқас жазылды, 87 адам аурудан көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети