Өзбектің Леди Гагасы - Муниса Ризаева ''Жұлдыз FM'' радиосындағы халықаралық хит-шерудің алғашқы ондығына енді, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
Өзбектің Леди Гагасы - Муниса Ризаева ''Жұлдыз FM'' радиосындағы халықаралық хит-шерудің алғашқы ондығына енді, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
Өзбекстанда жұртты аузына қарата білетін қасиеті мен образының ұқсастығына байланысты Муниса Ризаеваны Леди Гагамен салыстырып жатады. Ризаеваның өзі көзсіз әрекеттерге баратыным осы америкалық әншіге ұқсайды дейді. Өзбек әншісі Лондон консерваториясын тәмамдаған.
Муниса Ризаева Қазақстан шоу-бизнесін бағындырғысы келеді, ол жуырда қазақ тілін үйреніп, қазақ тілінде ән жазғызбақшы. Ол 'Жұлдыз FM' радиосының тікелей эфирінде тыңдармандарға өзінің шығармашылық жоспарлары туралы айтып берді.
Әнші Өзбекстанның белгілі режиссері, клипмейкері Тимур Примкуловпен жұмыс істейді. Режиссердің айтуынша, Қазақстан хит-шеруінде шетелдік әншілердің болуы - түрлі елдердің музыка, өнер мен мәдениет салаларында тәжірибе мен білім алмасуы үшін тамаша мүмкіндік. ''Жұлдыз FM'' Top International хит-шеруін сенбі сайын радиодан сағат 20.00-де тыңдауға болады және сонымен бірге, СТВ телеарнасынан да әр сенбіде 23.00-де қарап, ұнаған орындаушыларға дауыс беруге мүмкіндік бар. Байқауға Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Қытай, Өзбекстан және Солтүстік Кавказ әншілері қатысып жатыр.
Еске сала кетейік, жастарға арналған "Жұлдыз FM" радиостанциясы қараша айының ортасынан бері республикалық эфирде хабар тарата бастады. Радио толқынында қазақ тіліндегі озық музыка орындалады.