19 сәуір 2022 | 17:45

Полина Гагарина мен Егор Крид қазақстандық жас әншіге қолдау көрсетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/tompaq.bala Фото:instagram.com/tompaq.bala

Қазақстандық Тимур Тян "Первый канал" арнасындағы "Голос. Дети" шоуынан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Тимур Тян "Первый канал" арнасындағы "Голос. Дети" шоуынан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жекпе-жек" кезеңінде ол басқа екі үміткермен Джастин Бибердің Lonely әнін орындаған. Бірақ команданың тәлімгері, танымал әнші Егор Крид Шамиль Ибадовты таңдаған. Тимур барлық тәлімгерге алғыс айтып, көз жасына ерік берді. Сондай-ақ, ол сахнада тұрып анасын келе жатқан туған күнімен құттықтаған.

Кейінірек Тимур Полина Гагарина мен Егор Крид жылы лебізімен қолдаған видеосын бөлісті.

"Тимур Егор Кридтің командасына түскеніне өте қуанышты. Сахнаға шықпас бұрын соған баруды армандады. Ол өз командасындағы барлық баланы қатты қолдайды. Егор оны алдағы уақытта да қолдайтынын және концерттеріне шақыратынын айтты. Жақында біз "Голос" шоуының финалына ұшып барамыз, онда финалистер қайтадан жиналып, сахнада бірге ән шырқайды. Баламның талай сезімдерді бастан өткергеніне, бақытты сәттері болғанына ризамын. Барлық финалис үшін өте қуаныштымыз", - деді Тимурдың анасы Айнұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Timur Tyan/Тимур Тян (@tompaq.bala)

Қызылордалық 14 жастағы Тимур Тян 12 аспапта кәсіби түрде ойнайды, жас композитор. Ол Алматыдағы Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінде оқиды, бір жылдан кейін Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясына түсуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, көрмей тыңдау кезінде Тимур Тян "Как молоды мы были" әнін орындаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Timur Tyan/Тимур Тян (@tompaq.bala)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети