16 қыркүйек 2019 16:14

Полиция Жанар Хамитованың қайтыс болуына байланысты тергеу жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция SuperStar.kzбұрынғы қатысушысы Жанар Хамитованың өліміне байланысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Полиция SuperStar.kzбұрынғы қатысушысы Жанар Хамитованың өліміне байланысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері әншінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. 

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - деді ведомство өкілдері. 

Осыған дейін, "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитова қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Бұл туралы әнші Әбубәкір Ужазов (Әбу Кай) Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"Сене алар емеспін. Ардақты ағайын... Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де менде естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық... Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз Жанар Хамитова! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын...", - деп жазды ол.  

Жанар Хамитованың дүниеден өткенін онымен бұрын бірге жұмыс істеген әнші Сиви Махмуди де растады. 

Айта кетейік, Жанар Хамитова шығармашылық карьерасын Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" тобында бастап, қазақстандық тыңдармандар арасында танымал болған еді. Бұған дейін ол Super Star KZ жобасына қатысқан болатын. 

Скончалась экс-участница SuperStar.kz Жанар Хамитова

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети