Радик Тюлюш: "Күз дауыстары" думанында бар өнерімді көрсетемін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Радик Тюлюш. ©Ярослав Радловский Радик Тюлюш. ©Ярослав Радловский

Туваның белгілі мультиинструменталисі, көмей әнінің шебері Радик Тюлюш "Күз дауыстары" атты бірегей думан барысында көрермендерді не күтетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Туваның белгілі мультиинструменталисі, көмей әнінің шебері Радик Тюлюш "Күз дауыстары" атты бірегей думан барысында көрермендерді не күтетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше нотаны қатар ала білетін дарын иесі қазақстандық диджей Нариман Исеновпен бірге және "Қазына" қазақ вокал ансамблінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді. Өнерпаздар концерттің дайындығына кірісіп кетті.

Ұйымдастырушылардың шешімі бойынша "Күз дауыстары" музыкалық думаны дәстүрлі көмей әуенін академиялық вокалмен, этникалық және электронды музыкамен ұштастырады. Тувалық әншінің айтуынша, ерекше симбиозға қатысушыларда өнер көрсетудің ортақ тұжырымдамасы қалыптасты. Қазақ пен тува халқының тілі бір және түркі музыкасының тамыры ортақ болғандықтан, мұндай өзара үйлескен микс көпшілікке ұғынықты болады. Тюлюштің концерттік бағдарламасы өз халқының әндерінен, көмей әуенінен және туваның көне музыкалық аспаптарының дыбысынан тұрады.

Тюлюш керілген қылы бар аспап - бұзаудың мөңіреген үнін шығаратын бызаншы туралы айтып берді. Тува музыкасы табиғаттағы бар дыбысты естіртеді. Музыканттың айтуынша, "Күз дауыстары" думанында да табиғаттың тылсым дыбыстары, адам мен қоршаған ортаның үйлесімі, бәрі-бәрі болады. Диджей Нариман Исеновтің айтуынша, оның клубтық тректері еуропалық музыка болғанымен, этникалық дыбыстармен де жарасым табады. Дәл осы этникалық және электронды музыканың бірігуінен адам мен табиғат үйлесімінің жалпы атмосферасы тумақ.

Радик Тюлюштің қатысуымен өтетін бірегей музыкалық кешті ұйымдастырушы - Tengri FM ұлттық радиостанциясы. "Күз дауыстары" думаны 3 қазан күні Dostyk Plaza сауда - ойын-сауық орталығындағы Space мультимедиялық галереясында өтеді. Space галереясы визуалдық көркемдік шешімдермен жабдықталған. Концерт 20.00-де басталады. Билеттерді "Меломан Grand", "Меломан Mega" және " Меломан Dostyk Plaza" дүкендерінің кассасынан сатып алуға болады. Анықтама телефоны: + 7 727 3 888 155.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer