13 маусым 2022 13:53

"Ретро FM" плейлисті: ретрофестивальде 80 және 90-жылдардың қандай хиттері орындалады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

80 және 90-жылдардағы музыка Қазақстанның екі басты қаласында ең үлкен жазғы кеш өткізуге сай келетініне келіспеу қиын. Көңіл көтеруді ұнататындарды 18 маусымда Нұр-Сұлтандағы "Барыс Арена" мұз кешенінде және 19 маусымда Алматыда "Алматы Арена" спорт сарайында өтетін концертке шақырамыз.


80 және 90-жылдардағы музыка Қазақстанның екі басты қаласында ең үлкен жазғы кеш өткізуге сай келетініне келіспеу қиын. Көңіл көтеруді ұнататындарды 18 маусымда Нұр-Сұлтандағы "Барыс Арена" мұз кешенінде және 19 маусымда Алматыда "Алматы Арена" спорт сарайында өтетін концертке шақырамыз.

Фестиваль сахнасында шетелдік орындаушылар Boney M, La Bouche, Ice МС, Nana DARKMAN, FLY Project және Lian Ross болады. Супердискотекада ресейлік жұлдыздар да ең керемет хиттерімен өнер көрсетеді: Шура, Татьяна Овсиенко, Кай Метов, t.A.T.u вокалисі Лена Катина, Акула және "На-На" тобы. Ретрофестивальдің арнайы қонақтары қазақстандық музыканттар - ORDA тобы болады. Концертте көрермендерді уақыт сынынан өткен және өздерін нағыз жұлдыздар ретінде көрсеткен талантты 13 әртіс күтеді.

Ретрофестивальдің басты ақпараттық серіктесі - Ретро FM. Ретро FM-нен әрқашан өткен мен бүгіннің ең танымал әндерін таба аласыздар. Cіздердің сүйікті әртістеріңіздің ең керемет хиттерін дискотека үшін плейлистке жинадық.

Алматыда 107,5 FM немесе Нұр-Сұлтан мен елдің басқа қалаларында 104,5 FM толқындарында Ретро FM радиосын тыңдаңыздар.

Boney M - Rivers Оf Babylon

"Вавилон өзендері" 1978 жылы Boney M орындауында ерекше танымалдыққа ие болды. Інжілдегі 136-забурдың мәтініне жазылған трек бірден халықаралық бестселлерге айналды. Бір қызығы, Рим Папасы Иоанн Павел II Ирландияға алғаш рет келгенде, миллионнан аса адам оны Boney M әнімен қарсы алған. Бұл поп-хиттің ең ауқымды қойылымдарының бірі ретінде тарихта қалған.

Ice MC - Think About Тhe Way

Бұл музыкант пен суретшінің шын аты - Ян Кэмпбелл. Бастапқыда әйгілі Think About the Way, Ice MC кіретін үшінші альбомы үшін рэп-орындаушы ретінде карьерасын жасауды ойлап, сыртқы келбеті мен стилін толық өзгерткен, қазір бұл сәнді раггамаффин болып отыр. Вокалист ретінде итальялық әнші Alexia шақырылған альбом классикалық еуродэнс стилінде орындалған. Айта кетейік, Think About The Way 1996 жылғы "На игле" фильмінің саундтрегі болған.

"На-На" - "Боз жорға"

1998 жылдың жазында "На-На" тобы Қазақстанға келген. Олар Астананың мемлекеттің жаңа астанасы ретіндегі салтанатты тұсаукесеріне қонақ ретінде шақырылған. Онда олар алғашқы композициясын - "Боз жорға" әнін алғаш рет қазақ тілінде орындады. Сол кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев топ жетекшісі Бари Әлібасовты "Астана" естелік медалімен наградтаған еді. Ал елімізде "Боз жорға" әні әлі күнге дейін хит саналады.

La Bouche - Be My Lover

La Bouche - неміс-америкалық дуэт, ол өзінің би хиттерімен танымал. Топ мүшелері рэпер Лейн Маккрей және әнші Мелани Торнтон 1994 жылы басты хит Be My Lover әнін жазды. Кейінірек Макрей: "қайырмасына арналған сөздерді табуға тырыстым, ол менің басымда жай ғана "ла-да-да-ди" секілді елестеді. Ештеңе ойлап таба алмадық, сондықтан ол сол күйінде қалды", - деген еді. Осылайша, керемет диско-хиттер пайда болды. Бүгінде сыншылар әнді онжылдықтың ештеңеге айырбастамас классикасы ретінде сипаттайды.

Кай Метов - Position №2

Кая Метовтың шын есімі Қайрат Ерденұлы Метов екенін екінің бірі білмейді. Музыкант - Қарағанды қаласының тумасы. Кайдың жетістігі абсолют музыкалық тыңдау қабілетіне байланысты: осы дарынының арқасында ол скрипкашы болуды үйренген, музыкалық байқауларда жеңіске жеткен, Мәскеу мемлекеттік консерваториясына түскен. Ол әртіс әрі көптеген танымал әннің авторы ретінде де танымал. Соның бірі - Маша Распутина мен Филип Киркоровтың дуэтіне арналған "Роза чайная".

Nana DARKMAN - Lonely

Nana лақап аты неміс-америкалық рэпер әрі диджей Нана Кваме Аброкваның шын есімі емес. Шын мәнінде, бұл - Гана Республикасында ер адам иеленетін атақтардың бірі. Nana карьерасын 90-жылдардың басында Гамбургтің хип-хоп клубтарында диджей ретінде бастаған. Оның вокалист Ray Horton-мен бірге жазылған Lonely әні музыканттың ең сәтті еуропалық рэп әніне айналды және бірнеше апта бойы 1-орынға ие болды.

"Орда тобы" - "Ғашықсың ба"

"Орданың" музыкасы 2000 жылдардың басында шықты. Болашақ танымал топ құрамында ағайынды Оразбековтер пен ағайынды Беделхандар болды. Ұжымның идеялық шабыттандырушысы Ерболат Беделхан болды. Жігіттер "Бауыржан-шоу" театрында әндері мен әртістігімен көптің есінде қалды. Олар биге баса назар аударып, хореограф ретінде өнер көрсетті. Ал 2003 жылы олар алғашқы әнін - "Ғашықсың ба" жазған кезде бірден хит болды.

t.A.T.u. - "Нас не догонят"

t. A.T. u. - әлемдік танымалдылыққа қол жеткізген ең сәтті ресейлік поп-топтардың бірі. Олардың ағылшын және орыс тілдеріндегі әндері Ресей, Аустралия, Ұлыбритания, Германия, АҚШ және басқа елдерде хит-шерулерде топ бастады. Топ солистерінің айтуынша, "Нас не догонят" суперхитін жазу өте қиын болған. Оған 120-ға жуық сағат жұмсалған, ал композиция бір аптаға созылған. Кейінірек Лена Катина дәл осы жазба кезінде әріптесі Юлия Волкова дауысын жоғалтқанын айтқан еді.

Татьяна Овсиенко - "Колечко"

"Колечко", "За розовым морем" және "Школьная пора" сияқты хиттерді орындаушының карьерасы ойда жоқта басталған. Техникалық мектепті бітіргеннен кейін Татьяна Овсиенко әйгілі "Мираж" тобы тоқтаған қонақ үйде әкімші болып жұмыс істеген. Бір айдан кейін Татьяна Мәскеуге шақырылған, онда ол сол кезде топтың солисі Наталья Ветлицкаяның костюмері болған. Ветлицкая Мираждан шыққаннан кейін, Овсиенко оның орнына келген. Осылайша, қыз нағыз жұлдызға айналған.

Шура - "Не верь слезам"

"Не верь слезам" әніне әр жастағы адамдардың ықыласы 25 жылға жуық үзілген жоқ. Бір қызығы, ән бүкіл топқа тың серпін сыйлаған. Өйткені Шураның орындауындағы әннің екінші шумағын ойнағанда, Hi-Fi тобының әндеріндегі вокалды еске түсіретін басқа орындаушы естіледі. Бұл шын мәнінде сол дауыс - продюсер Павел Есенин. Хитті жазғаннан кейін авторлар жаңа топ құруға шешім қабылдаған, сөйтіп, олар Новосібір бишісі Митя Фоминді шақырған. Кейінірек Hi-Fi тобына "Ты не верь слезам" әні қайта жазылған.

Назар аударыңыздар: Ретро FM жанкүйерлері үшін арнайы акция! Алматыда 107,5 FM немесе Нұр-Сұлтан мен елдің басқа қалаларында 104,5 FM толқындарында Ретро FM-ді тыңдап, Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін шоуға билеттер ұтып алыңыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети