24 желтоқсан 2014 00:16

Ринат Зайытов: "Ізін көрем" әні сөзінің 30 пайызын Жанардың өзі қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ринат Зайытов. ©vk.com Ринат Зайытов. ©vk.com

Turkvizyon-2014 байқауында бас жүлде алған ән сөзінің авторы, айтыскер ақын Ринат Зайытов Baistars.kz порталына берген сұхбатында мәтінге айтылған сынға қатысты түсінік берді. 


Turkvizyon-2014 байқауында бас жүлде алған ән сөзінің авторы, айтыскер ақын Ринат Зайытов Baistars.kz порталына берген сұхбатында мәтінге айтылған сынға қатысты түсінік берді. 

"Жанар әнді алып келген кезде маған өзі айтады, мына-мына сөздер айтуға ыңғайлы деп. Сондықтан мен жалғыз өзім ғана әннің авторы емеспін. Демек, сөзінің 30 пайызын Жанар өзі қосады. Біріншіден, әннің мәтіні жеңіл дейтін ештеңе көріп тұрған жоқпын. Екіншіден, ән мәтінінің өзі солай болуы керек. Біз ол жерге поэзия жазбаймыз ғой. Себебі 3 минуттың ішінде адам оны оқымайды, қарап қорыта алмайды… Ол әннің не туралы екені 3-ақ минуттың ішінде халыққа жетуі керек. Бұл жерде біткен іске сыншы көптің" кебіні шығар", - дейді Зайытов. 

Оның айтуынша, "көп сөздің Жанар Доғалованың өз орындауына ыңғайланып жазылғаны өтірік емес". Сонымен бірге, ол әлеуметтік желіде жазылған бір сыни пікірді оқып шыққанын айтты. "Сол пікірге байланысты айтатын болсам, ол адам өлеңнің сөздерін де, өзінің жазбасын да қате жазған. Өлеңнен кемшілік іздегенше, әуелі өзі қатесіз жазып үйренсін, сосын сынасын", - деді ақын. 

Айта кетейік, Turkvizyon-2014 байқауында бас жүлде алған ән сөзінің көркемдік жағынан сын көтермейтіні ақпарат құралдарында да айтылған еді. Әнші Жанар Доғалованың өзі бұл жөнінде: "Көбінесе әуенді өзім жазамын. Ал сөзі әуенмен қатар келеді. Содан кейін ақындарға көрсетіп, бірге ақылдасып отырып, толықтырамыз, өңдейміз. Әннің музыкасы мен мәтіні 50/50 болуы керек, яғни тең дәрежеде. Мәтіннің көркем әрі жеңіл, сондай-ақ мағыналы болуына көп мән беремін. Мәселен, Turkvizyon ән байқауында орындаған "Ізін көрем" әнінің мәтінін ақын Ринат Зайытовпен бірлесіп жаздық. Бұл әнді көпшілік мақтады, жақсы қабылдады. Сәтті шыққан дүние болды", - деген пікір білдірген.

Еске сала кетейік, биыл Татарстан астанасында өткен Turkvizyon-2014 байқауында Жанар Доғалова "Ізін көрем" әнімен 225 ұпай жинап, жеңімпаз атанған еді. Байқаудың финалына барлығы 15 өнерпаз қатысты. Turkvizyon - "Евровидение" байқауының түркі әлеміне арналған баламасы. Байқаудың аудиториясы 300 миллион адамнан асады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети