27 қаңтар 2014 12:16

Роза Рымбаеваның ұлы анасына арнап клип түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өткен күндер" клипінен үзінді "Өткен күндер" клипінен үзінді

Роза Рымбаеваның ұлы анасына арнап өзінің алғашқы бейнеклипін түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов өзінің анасына арнап режиссер ретінде "Өткен күндер" әніне өзінің алғашқы клипін түсірді. Twitter әлеуметтік желідегі микроблогында ол: "Достар! бұл менің қоюшы-режиссер ретінде алғашқы бейнебаяным. Маған көмек қолын созған 567 студиясының өкілі Ернар Нұрғалиевке алғысым шексіз. Біз мейлінше тырыстық", - деп жазған. Атап өтейік, Роза Рымбаеваның ұлы алғаш рет сахнаға "Slang" тобының құрамында шыққан болатын. Одан кейін қазақстандық "Жұлдыздар фабрикасы" тележобасында да қатысқан еді. Ол сондай-ақ, Eurasian Music Award жобасындағы "Үздік ән" және "Жыл жаңалығы" аталымы бойынша жеңімпаз атанып, қазақстандық прокатқа осы жылғы қарашаның 30-ы күні шыққалы отырған режиссер Марина Кунарованың "Елес кезгендер" фильмінің саундтрегін орындады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети