22 желтоқсан 2017 | 16:09

Сәкен Майғазиев Ұлттық код, Интернеттегі пікірлер және бала тәрбиесі жайында. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші бүкпесіз сұхбатында өмір мен өнерден түйген ойларын, қазақ ұлтының қамы жайлы, үй болып, бөлек шыққан кездегі отбасылық қиыншылықтары туралы толғанады. 

Майғазиевтің айтуынша, жас қыздар мен балалардың әлеуметтік желілерде өзгеге баға беріп, сынай сөйлеуі қорқынышты.

"Ол өзін бір ақбоз атты ханзадасы келіп, өзі ұнайтын жігітке тұрмысқа шығып, содан он бала тауып, бірнеше немере, шөбере көріп, бақытты ғұмыр кешіп, тілін кәлимаға келтіріп, әдемі қартайып өлетініне сенімді сияқты сөйлейтінінен мен қорқамын. Оларды қоя берші, алды тұман, сағым. Ал енді жасы ұлғайған, алпыстан, жетпістен асқан аналарымыздың комментарилерімен, пікірімен жаңағы қыздарды "өртеп жатқан" кездерде мен қорқып кетемін. Неге бұлар өз немерелері үшін қорықпайды", - деген әнші бала тәрбиесіне қатысты көзқарасын айтты. 

"Әкем марқұм мені ұрмаған. (...) Қазақта сөз бар ғой "Е раббым, бала бер, Бала берсең, сана бер, Сана бермесең, ала бер" деген. Сол себептен саналы болсын деп тілейміз ең бастысы", - дейді әнші.

Сондай-ақ, Майғазиев көп әйел алуға қатысты пікірін білдірді. 

"Ойымда болған жоқ деп періште болмай-ақ қояйын. Ойландым мен де. Өмірде әрбір жағдайлар болады. "Шаншардағы" Жүсіп Ақшораев ағамыздың бір айтқан сөзі бар. "Балам, Жүсіп, бір жерде сенің бауырың бар десе мен қуаныштан жарылып кетер едім" дейді. Абай айтады ғой "Алдыңғы толқын ағалар, Кейінгі толқын інілер, Ретімен өлінер, Баяғыдай көрінер". Ретімен өлейік, ешкім өзінің ата-анасын байлап қоя алмайды ғой. Сол кезде менің балам "Түһ, әке, сол кезде ең болмаса шариғаттың шеңберінен шықпай-ақ, ата-бабамыздың дәстүрін ұстанып-ақ, маған бауыр тауып бермедіңіз бе" десе не бетімді айтамын деген ойлар болды", - дейді ол.

Айтуынша, жары Динараны анасы қатты құрметтейді.

"Бүкіл әулетім Динараны қатты құрметтейді, шын жүрекпен жақсы көреді. Анам Динарамен ақылдасады, санасады (...) Кейде ағаларым неге екінші әйел алмайсың, жағдайың бар дейді. Соған әзілдеп "Аға, алайын-ақ, бірақ мына келініңіз жақсы болып күйдіріп тұр ғой" деп жауап беремін. Динараның маған деген махаббатын қатты биік бағалаймын. Өйткені, тағы айтамын, менің өнеріме, Сәкен Майғазиевке ғашық қыздар бар, бірақ Динара Майғазиев Сәкенге ғашық болған. Атым, фамилиям танылмай тұрғанда, "МузАРТ" әншісі болмай тұрған кезде болмысыммен жақсы көрген. Қиындықты бірге көрдік, жатақханадан жатақханаға көшіп жүрдік. Қияр мен қызанақты алып жеуге ақша тапқан кезде қуанатын кездеріміз болды, Динарамен дүкенде нан сатқан кезіміз болды. Сол қақаған қыста Әділет дүниеге келді", - деп ағынан жарылды әнші.

 Мұнымен қатар, әнші "Рухани жаңғыру" бағдарламасын қалай түсінетінін айтып берді. 

"Рухани жаңғыру - әркім өз саласында үлесін қосу. Біз Кореяға еліктеуді шығардық, Американы ашқандай болып, қуып жүрміз. Неге сол кейбір жігіттеріміз дәстүрлі әнмен-ақ таңғалдырмайды? Ондайларға ағалық ақылымды да айттым. Мен Интернетте ұрысып отыратын адамдардың санатынан емеспін, мен продюсерлерімен де, өздерімен де жолығып сөйлескенмін", - дейді әнші.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook және Instagram желісінде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети