Грузин әншісі Сосо Павлиашвили 8 Наурыз мерекесі қарсаңында қазақстандық әйелдерге тосын сый жасады. Ол "Астанадан Мәскеуге дейін" ("От Астаны и до Москвы") атты әніне түсірілген бейнебаянын таныстырды.

"Астанадан Мәскеуге дейін" әнінің бейнебаяны Астана мен Мәскеуде жүрген екі адамның алыстағы махаббат оқиғасын баяндайды. Сосо Павлиашвилидің шығармашылығы үнемі әйелдерге деген махаббаттан тұрады. Әйелдер оған шабыт береді, ал ол әйелдерге өз туындыларын арнайды", - деп жазды әнші Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бейнебаянның түсірілімі Қазақстан мен Ресейде өтті. Бейнебаянда басты рольді қазақстандық актриса Аша Матай ойнайды.
Еске салайық, Сосо Павлиашвили бұған дейін қазақстандық әнші Айқынмен бірге "Әр күні" ("Каждый день") композициясына бейнебаян түсірген болатын. Қос әнші бейнебаяндарын жұбайларына арнады.