Сосо Павлиашвили қазақстандық әйелдерге тосын сый жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сосо Павлиашвили қазақстандық әйелдерге тосын сый жасады © РИА Новости

Грузин әншісі Сосо Павлиашвили 8 Наурыз мерекесі қарсаңында қазақстандық әйелдерге тосын сый жасады. Ол "Астанадан Мәскеуге дейін" ("От Астаны и до Москвы") атты әніне түсірілген бейнебаянын таныстырды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузин әншісі Сосо Павлиашвили 8 Наурыз мерекесі қарсаңында қазақстандық әйелдерге тосын сый жасады. Ол "Астанадан Мәскеуге дейін" ("От Астаны и до Москвы") атты әніне түсірілген бейнебаянын таныстырды.

"Астанадан Мәскеуге дейін" әнінің бейнебаяны Астана мен Мәскеуде жүрген екі адамның алыстағы махаббат оқиғасын баяндайды. Сосо Павлиашвилидің шығармашылығы үнемі әйелдерге деген махаббаттан тұрады. Әйелдер оған шабыт береді, ал ол әйелдерге өз туындыларын арнайды", - деп жазды әнші Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бейнебаянның түсірілімі Қазақстан мен Ресейде өтті. Бейнебаянда басты рольді қазақстандық актриса Аша Матай ойнайды.

Еске салайық, Сосо Павлиашвили бұған дейін қазақстандық әнші Айқынмен бірге "Әр күні" ("Каждый день") композициясына бейнебаян түсірген болатын. Қос әнші бейнебаяндарын жұбайларына арнады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети