13 желтоқсан 2015 09:43

Таразда әнші Мөлдір Әуелбекованың үйлену тойы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мөлдір Әуелбекова жолдасы Арыстанмен. © instagram.com Мөлдір Әуелбекова жолдасы Арыстанмен. © instagram.com

Тараздағы мейрамханалардың бірінде 12 желтоқсан күні кешке қазақстандық әнші әрі актриса Мөлдір Әуелбекова мен Арыстанның үйлену тойы өтті. Тойға қатысқандар суреттерін Instagram желісіне жариялады.


Тараздағы мейрамханалардың бірінде 12 желтоқсан күні кешке қазақстандық әнші әрі актриса Мөлдір Әуелбекова мен Арыстанның үйлену тойы өтті. Тойға қатысқандар суреттерін Instagram желісіне жариялады.

Жалғасы

Тойда қалыңдық пен күйеу жігіттің туыстары мен достарынан бөлек қазақстандық әртістер болды - Мейрамбек Бесбаев, "Жігіттер" тобы, Нұрлан Албан, Жанар Айжанова және тағы да басқалар. 


© instagram.com

Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекованың ұзатылғаны хабарланған еді. Әншінің ұзату тойы 4 желтоқсан күні өтті. Мөлдір Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы тыңдармандарынан сүйінші сұрады.

Мөлдір Әуелбекова - SuperStar KZ байқауына қатысқан. Ол КешYou тобының құрамында өнер көрсетіп, танымалдыққа ие болды. Фильмдерде басты рольді сомдап, 2012 жылы КешYou тобынан кетіп, жеке әнші болды. 2014 жылы КешYou тобына қайта оралып, бірнеше айдан кейін топтан қайта кетті.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети