26 наурыз 2020 16:00

Tengrinews YouTube пен Instagram-да онлайн концерттер өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Alash Media Group медиахолдингі Pantograph продюсерлік орталығымен біріге отырып, #КвартирникTengri атты онлайн концерттер топтамасын ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Alash Media Group медиахолдингі Pantograph продюсерлік орталығымен біріге отырып, #КвартирникTengri атты онлайн концерттер топтамасын ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн концерттерге Máńgilik El Daýysy, "На Вершине Тенгри", The Spirit of Tengri, Tengri FM және "Жұлдыз FM" сияқты жобаларға қатысқан қазақстандық және шетелдік әртістер және тағы басқа жұлдыздар қатысады.

Бұл жоба екі форматта және екі алаңда өтеді:

1) Instagram-да жұлдыздармен Live-эфирлер. Әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма сайын сағат 20.00-ден 21.00-ге дейін әртістер мен музыканттар Instagram-да онлайн режимде шығармашылығын бөлісіп, тыңдармандарымен әңгімелесу үшін @Tengrinewskz аккаунтында тікелей эфирге шығады. Көрермендер әртістерімен бірге өздерінің сүйікті әндерін орындап, оларға сұрақтар қойып, тікелей эфирде позитивін бөлісе алады.

2) Tengri TV-ның YouTube-хостингіндегі тікелей эфирінде қазақстандық және шетелдік музыканттардың толық құрамы концерттері көрсетіледі. Әр сенбі сайын сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін #КвартирникTengri студиясында.

Таяуда көрсетілетін концерттердің кестесі:

27 наурыз 20.00 - Insta-Live Ілияс Аутовпен (Motor-Roller)

28 наурыз 18.00 - Urker тобының концерті (онлайн-трансляция YouTube каналда).

30 наурыз 20.00 - Insta-Live Son Pascal (Мароккодан тікелей қосылым).

1 сәуір 20.00 - Insta-Live BluesMotel тобымен

3 сәуір 20.00 - Insta-Live Иван Бреусовпен

4 сәуір 18.00 - Нұржан Керменбаевтың концерті (онлайн-трансляция YouTube каналда)

"Біз сіздерге пандемияны емдейтін дәріміз #КвартирникTengri-мен таныстырамыз. Бұл Alash Media Group медиахолдингі мен Pantograph продюсерлік орталығы сүйіспеншілікпен дайындаған дәрі. Рух осындай ауыр кезеңде көмектесе алатын мықты дәрі деп сенеміз. Біз ұсынымыздан бас тартпаған музыканттарға алғыс айтамыз. Барлығымыз бірігіп, жақсы көңіл-күй мен позитив сыйлаймыз. Миллиондаған аудиторимыздың алдында қазақстандық және шетелдік әртістер өнер көрсетеді. Концерттердің кестесін қарап жүріңіздер! Барлықтарыңызға денсаулық пен оптимизм тілейміз!", - деді Alash Media Group бас директоры Батыр Қазыбаев.

Айта кетейік, #КвартирникTengri жобасы COVID-19-дан қорғану мақсатындағы шаралардың қолданылуының маңызына назар аударады.

"Біз бүгін сіздермен қазақстандықтардың коронавирустың алдын алуға жасап жатқан әрекеттерін бақылап отырмыз, бұл тамаша мысал, мұны үлгі тұтуға болады. Халық үйлерінде, өз-өздерін оқшаулап жатыр. #КвартирникTengri де біздің әрекеттеріміздің әрі қарай да дұрыс болуын көрсетіп, бізді біріктіретін жоба болмақ. Бір-бірімізден қашықта болсақ та, біз біргеміз, біздің шығармашылыққа, музыкаға, мейірім мен сенімге деген махаббатымыз бірге", -дейді Pantograph орталығындағы жобалардың бас менеджері Сергей Майборода.

#КвартирникTengri жобасының онлайн көрсетілімдерін өткізіп алмау үшін Instagram желісіндегі @tengrinewskz парақшасы мен YouTube хостингіндегі парақшамызға жазылыңыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети