Төреғали Төреәлінің дүркіретіп өткізетін тойы телеарналардан неге көрсетілмейді?

17 Қазан 2017, 19:24
0
Төреғали Төреәлінің дүркіретіп өткізетін тойы телеарналардан неге көрсетілмейді? - © instagram.com/impresario_kz
© instagram.com/impresario_kz

Төреғали Төреәлінің дүркіретіп өткізетін тойы телеарналардан не себепті көрсетілмейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің музыкалық продюсері Жан Мұқанов айтты. "Техникалық себептерге байланысты трансляция жүргізілмейтін болды", - деді әншінің өкілі.


© instagram.com/impresario_kz

Айта кетейік, осыған дейін Мұқанов тойдың телеарнадан көрсетілетінін, тойда үш-ақ адам сөз сөйлейді деп келіскенін хабарлаған еді. Ал жақында кейбір БАҚ-тарда әншінің тойы Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі деген ақпарат таратқан. Алайда кейін "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин бұл ақпаратты жалған деп атады. 

"Кешеден бері арнадан Төреғалидың тойын тікелей эфирден көрсетесіздер ме деген сұрақтар қоюда. Қайдан, неден шыққан әңгіме екенін білмеймін, бірақ біз Ұлттық арнада біртіндеп түрлі ойын сауық бағдарламаларды азайтып, басқа жаңа жанрларды кеңейтудеміз, сондықтан ондай жобаны көрсетеді деген әңгіме жалған ақпарат", - деп жазды Қарин Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, әншінің тойы Алматыдағы Rixos Almaty қонақүйінде 17 қазанда өтеді. Мұның алдында Төреғали Төреәлінің қалыңдығы мен балалары жайлы жаңа деректер белгілі болған еді. "10-14 қазан аралығында Республика Сарайында бес концерт өтеді (Төреғали Төреәлінің - Авт.). Ал 14 қазанда туған күні. 25-ке толып отыр. Бұдан кейін бірден тойға дайындық басталып кетеді. 17 қазанда Алматыдағы Rixos Almaty қонақүйінде оның үйлену тойы өтеді. Ал, тойдан кейін, 18 қазанда ол бал айын тойлау үшін әзірше болжам бойында Дубайға ұшып кетеді. Тойға ең атақты жұлдыздар шақырылды", - деген еді әншінің продюсері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай