27 қыркүйек 2017 17:18

Төреғали Төреәлінің қалыңдығы мен балалары жайлы жаңа деректер белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төреғали Төреәлі мен оның қалыңдығы Толқын. © Tengrinews.kz Төреғали Төреәлі мен оның қалыңдығы Толқын. © Tengrinews.kz

Белгілі айтыскер, әнші Төреғали Төреәлінің қалыңдығы мен балалары жайлы жаңа деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі айтыскер, әнші Төреғали Төреәлінің қалыңдығы мен балалары жайлы жаңа деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің продюсері Жан Мұқанов Tengrinews.kz тілшісіне әншінің екі баласы бар екенін айтып берді. "Қалыңдықтың есімі - Толқын. (...) Олардың шын мәнінде некелесіп қойғанын түсінген маңызды. Жұптың екі баласы бар. Тек олардың тойы өтпеген, қыз ұзату тойы ғана болған еді. Сол кезде Төреғали той өткізе алмаған еді. Енді міне, тойын өткізгелі жатыр. Олардың некелескеніне 3 жылға жуық уақыт болды", - деді Жан Мұқанов. 

Сонымен қатар, ол әншінің алдағы тойы жайлы толығырақ әңгімеледі. "10-14 қазан аралығында Республика Сарайында бес концерт өтеді (Төреғали Төреәлінің - Авт.). Ал 14 қазанда туған күні. 25-ке толып отыр. Бұдан кейін бірден тойға дайындық басталып кетеді. 17 қазанда Алматыдағы Rixos Almaty қонақүйінде оның үйлену тойы өтеді. Ал, тойдан кейін, 18 қазанда ол бал айын тойлау үшін әзірше болжам бойында Дубайға ұшып кетеді. Тойға ең атақты жұлдыздар шақырылды", - деді әншінің продюсері.

Әншінің өкілінің айтуынша, Төреғали мен Толқын жасты екен. Мұнымен қатар, Мұқанов редакциямызға жұптың суреттерін жолдады. Алайда, айтуынша, қалыңдықты тек той өткеннен кейін, 17 қазаннан кейін ғана көруге болады. 


© Жан Мұқанов

Ал осы орайда әлеуметтік желілерде Төреғали мен Толқынның үйлену тойына шақыру билеттері жария болып жатыр. 

Еске салайық, мұның алдында әншінің 17 қазанда үйлену тойын өткізетіні белгілі болған еді. "Сөзімде тұрдым деуге болады. Өйткені мен үйлену тойын жасаған кезде мұқым қазаққа жария қылып, айтамын деп уәде берген едім. Сол уәдеде тұру керек, жігіттің екі сөйлегені өлгені. Оған бәрі таңғалып жүр. Келіншегімнің өзі сөйтіп таңғалып жүр қазір. Мен өзі сөзінде тұрмайтын, тұрақсыз адамға ұқсамайтын сияқтымын негізі. Біздікі ниет, мұның бәрі Алланың қалауымен болады. Бұйыртып жатса, бізге ғана емес, бүкіл қазақ еліне келін болады деп ойлаймын", - деген еді әнші.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети