01 ақпан 2017 13:31

Витас Димаш Құдайбергеновке шағым айта алмайды - маман

ПОДЕЛИТЬСЯ

Витас "Опера №2" композициясын орындаған Димаш Құдайбергеновке шағым айта алмайды. Бұл пікірді Tengrinews.kz тілшісіне авторлық құқықтар жөніндегі сарапшы Темірлан Төлегенов айтып отыр.


Витас "Опера №2" композициясын орындаған Димаш Құдайбергеновке шағым айта алмайды. Бұл пікірді Tengrinews.kz тілшісіне авторлық құқықтар жөніндегі сарапшы Темірлан Төлегенов айтып отыр.

Айта кетейік, кеше ресейлік әнші Витастың әнінің қытай телеарнасында орындалғаны үшін арыз түсіргені белгілі болған еді. Қытай БАҚ-тары ресейлік әншінің I am a Singer музыкалық байқауын көрсеткен Hunan TV арнасының үстінен арызданғанын жазған. Әнші қазақстандық Димаш Құдайбергеновтің "Опера №2" әнін орындағанына наразы болған. Ол енді қаламақы талап етіп отыр екен.


Витас өз шағымын әлеуметтік желілерде жариялаған.

Ал өз кезегінде Димаш Құдайбергеновтің PR-менеджері Алпамыс Шаримов бұған қатысты пікір білдірмейтінін, алайда Витастың шағымы телеарнаға түсірілгенін айтты.

Авторлық құқықтар жөніндегі сарапшы Темірлан Төлегенов болса Витас өз әндерінің байқауларда орындалуына тыйым сала алмайды деген пікірде.

"Әдетте конкурстарда мұндай тыйымның күші жоқ. Сондықтан конкурстарда кез келген әнді орындай беруге болады. Алайда мұндағы мәселе құқықты кімнің қорғайтынында болып отыр. Мәселен, белгілі бір фильм түсіргіңіз келді делік. Оған әуен таңдағанда авторынан рұқсат сұрап, сыйақысын төлейсіз - бұл авторлық құқықтың сақталуы. Оған белгілі музыканың жарнамада қолданылуы да жатады. Әдетте, менің білуімше, SuperStar.kz сияқты байқауларда лицензияларына сәйкес, не музыкалық баспалармен, не авторлық ұйымдармен келісім жасалады. Осы музыкалық материал құқық иелеріне төлем жасалғаннан кейін берілуі қажет. Сондықтан, менің білуімше, бұл конкурстардың қарапайым процедурасы", - дейді Төлегенов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, байқауларда музыкалық продюсерлер қатысушыларға ән таңдауға және орындауға көмектеседі, себебі команда рейтинг үшін жұмыс істейді. Байқауға қатысушы орындайтын әнін өзі таңдай бермейді. Алайда, айтуынша, Витас Димаш Құдайбергеновке әндерін айтуға рұқсат бермей қоюы мүмкін екен.

"Ол жеке әншілігінде өз әндерін орындауға рұқсат бермеуі мүмкін, өз композициялары бар әнжинақ шығаруына қарсы болуы мүмкін. Бірақ байқауға қатысушы ретінде оған шағым түсіре алмайды. Шағымданғысы келсе, Димашқа емес, конкурсқа шағымдана алады", - деді маман.

Сондай-ақ, Төлегеновтің айтуынша, авторлық құқықты қорғау туралы шағымдар әдетте сотқа жете бермейді. Шағымданушылар талаптарын және заңсыз қолданылған музыка үшін сыйақы сомасын атайды. Ал мұндай жағдайда жауап берушілер сыйақыны төлеп беруге келісім береді.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов 28 қаңтарда Қытайда өтіп жатқан I Am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети