11 маусым 2022 19:40

Zhuldyz LIVE ашық аспан астында кеш өткізді

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маржан Арапбаева. Фото: Zhuldyz FM Маржан Арапбаева. Фото: Zhuldyz FM

10 маусымда Нұр-Сұлтандағы Арбаттың 5 жылдығына орай Zhuldyz LIVE жобасы ерекше шығарылым дайындады. Бағдарламаның 4 саны ашық аспан астында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


10 маусымда Нұр-Сұлтандағы Арбаттың 5 жылдығына орай Zhuldyz LIVE жобасы ерекше шығарылым дайындады. Бағдарламаның 4 саны ашық аспан астында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zhuldyz LIVE жобасында қазақстандық танымал өнер жұлдыздары әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бағдарламның жаңа шығарылымы ерекше болды, себебі Zhuldyz LIVЕ елордадағы Арбаттың 5 жылдығына ерекше сый жасап, ашық аспан астында хабар таратып, радионың тыңдармандарымен бірге ән салды. 

Бұл күні Нұр-Сұлтандағы Арбатқа Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі оркестрі және "Голос" шоуының қатысушысы Полина Тырина келіп, өнер көрсетті. Сонымен қатар, мерекелік кеште белгілі әнші, эстрада жұлдызы Маржан Арапбаева құпия қонақ болды. 

2 cағатқа созылған концертті TengriTV Youtube-арнасы мен zhuldyz.fm Instagram-парақшасы тікелей эфирде көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhuldyz FM (@zhuldyz.fm)

Zhuldyz LIVE продюсері Константин Головиннің сөзінше, бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табады.

"Біздің жоба жанды дауысты насихаттайды, радиода жақсы тыңдалатын эстрада әндерін ғана емес, қазақтың ескі әндерін де дәріптеп жүрміз. Бұған дейін бағдарламаның шығарылымдары тек студияда түсіріліп келді, бүгін біз жауапкершілікті арттырып, ашық аспан астында кеш ұйымдастырып отырмыз. Ең маңыздысы, кешке келген көрермен саны қуантып тұр. Бұл жаңа форматқа деген сұраныстың барын аңғартады. Алдағы уақытта да осындай кештерді қолға алу жоспарда бар", - дейді ол. 

Нұр-Сұлтан, Арбат. Фото: Жұлдыз FM

Еске салайық, 25 мамырда Zhuldyz LIVE музыкалық шоуының тұсауы кесілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети