20 жастағы студент Астанаға ұшып шыққан ұшақ бортында есінен танып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ depositphotos.com ©️ depositphotos.com

Fly Arystan ұшағында Шымкент-Астана рейсіне мінген 20 жастағы студент есінен танып қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Fly Arystan ұшағында Шымкент-Астана рейсіне мінген 20 жастағы студент есінен танып қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Экипаж борттағы дәрігерлерден дереу көмек сұрады. Көмекке Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының реанимация бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Құрбанбеков келген.

Қарау барысында бойжеткеннің тамыр соғысы әлсіз, ал қан қысымы төмен екені анықталған, бұл оның жағдайының өте ауыр екенін көрсетеді.

Алайда дәрігердің жедел әрекетінің арқасында бірнеше минут ішінде оның жағдайы тұрақтандырылды.

Науқастың гемоглобин деңгейі небәрі 61 болғаны және оның ешқандай ем қабылдамағаны белгілі болды. Дәрігерлер оған әрі қарай тексеруден өту үшін медициналық көмекке жүгінуге кеңес берді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная