Алматы қорығында сілеусіннің күшігі фототұзаққа түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы қорығында Қызыл кітапқа енген сілеусіндерді жиі кездестіруге болады. Бұл жолы сілеусіннің күшігі фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қорығында Қызыл кітапқа енген сілеусіндерді жиі кездестіруге болады. Бұл жолы сілеусіннің күшігі фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Ғылыми зерттеу жүргізгелі бері фототұзақта 1 інсін (сілеусіннің күшігі) тіркелді. Кейінен визуалды бақылау кезінде 2 інсімен бірге жүргені анықталды. Балалары екі жасқа дейін аналарымен бірге жүреді", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, соңғы бір жыл ішінде Алматы қорығында фототұзаққа сілеусіндер 32 рет түсіп, олардың осы аумақта тұрақты мекендейтіні дәлелденді.

Түркістан сілеусіні (лат. Lynx lynx isabellinus) – мысықтәрізділер тұқымдасының сілеусіндер туысына жататын жыртқыш сүтқоректі. Алматы қорығы аумағында теңіз деңгейінен 1200 метр биіктіктен 3500 метр биіктікке дейін мекен етеді. Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулердің арқасында сілеусіннің альпі белдеуінде мекен ететіні анықталды. Қорық аумағында теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте орнатылған фототұзаққа жаз мезгілінде түскені тіркелді.

Еліміздің Қызыл кітабына ІІІ – санатқа енгізілген. Одан бөлек, Халықаралық табиғат қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне кірген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная