Алматы көшелерінде елік көзге түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматылықтар көшеде жүрген елікті видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылықтар көшеде жүрген елікті видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Алматылықтар жаяу жүргіншілер жолында жүгіріп бара жатқан елікті видеоға түсіріп алды. Жануар Наурызбай ауданының таулы бөлігінде, Тәжіев көшесінде байқалған.

Алматы полициясы бұл факт бойынша Наурызбай ауданы Полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Нақты мән-жайлар анықталады. Жергілікті тұрғындар тарапынан полицияға елік туралы ешқандай хабар түспеген.

Бұл мәселе бойынша Алматының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына да сұраныс жіберілді. Материал толықтырылады.

Айта кетейік, Қазақстанда еліктің екі түрі кездеседі. Болжам бойынша, бұл елік қалаға ұлттық парктің аумағынан келген болуы мүмкін.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная