Алматы тауларында биолог сирек кездесетін жануарларды видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Іле-Алатауы ұлттық паркі аумағындағы Медеу филиалы мен Үлкен Алматы орманшылығында жабайы жануарлар байқалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Іле-Алатауы ұлттық паркі аумағындағы Медеу филиалы мен Үлкен Алматы орманшылығында жабайы жануарлар байқалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Аң танушы биолог Талипов З.С. жүргізген бақылау барысында суыр мен Сібір елігі көзге түскен. Бұл жануарлар ұлттық парктің экожүйесінде маңызды рөл атқарып, табиғи тепе-теңдіктің сақталуына ықпал етеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ILE-ALATAU_NATIONAL_PARK (@ile_alatau_nationalpark)

Биолог Талипов З.С.-тің айтуынша, жабайы жануарлардың жиі көрінуі экожүйенің тұрақтылығы мен олардың мекендеу ортасының қолайлы екенін білдіреді. Мамандардың бақылау нәтижелері көрсеткендей, қорық аумағында жануарлардың саны біртіндеп артып келеді, бұл табиғатты қорғау шараларының тиімділігін дәлелдейді.

"Ұлттық парк мамандары табиғатты қорғау жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып келеді. Сонымен қатар, келушілерден жабайы жануарларға зиян келтірмеуді, олардың мекендеу ортасын сақтауға және табиғатқа ұқыптылықпен қарауға шақырады", - делінген хабарламад.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная