Астана әуежайында жолаушыларға ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жолаушыларға рейстер кестесіндегі уақытша өзгерістер туралы ескертілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жолаушыларға рейстер кестесіндегі уақытша өзгерістер туралы ескертілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ұшу-қону жолағы жергілікті уақыт бойынша сағат 8:33-тен 10:33-ке дейін жабық болады. Бұл туралы әуежайдың PR-қызметінің жетекшісі Науат Айтуғанова мәлімдеді.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аэродромдағы қарды тазарту үшін 10 арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жоспарланған 70 рейстің алтауы, ал келуді күткен 68 рейстің 14-і кешіктіріліп жатыр. Барлық кешігулер ауа райының қолайсыздығы мен аэродромдағы техникалық қызмет көрсету шараларына байланысты. Баршаңызды қалыптасқан жағдайға түсінікпен қарауға және жаңартылған ақпаратты қадағалап отыруға шақырамыз", – деді ол.

Жолаушыларға рейстер кестесіндегі өзгерістерді уақытылы бақылау ұсынылады.

"Рейстердің жағдайы мен кестедегі өзгерістер туралы өзекті ақпаратты әуежайдың ресми www.nn-airport.kz сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының 8 (7172) 702-999 нөміріне хабарласып білуге болады", – деп толықтырды PR-қызметінің жетекшісі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная