CTS көлік компаниясы LRT станцияларының бірін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кабанбай батыр даңғылында, Халықаралық әуежай маңында орналасқан 101-станция ішінде эскалаторлар мен елорданың кадрларын көрсететін интерактивті экрандар орнатылған.
Станция ішінде лифттер бар, олар арқылы жолаушылар пойызға көтеріле алады немесе төмен түсіп, қалаға шыға алады. CTS мәліметінше, №101 станцияның қасбет жұмыстары 100 пайызға аяқталған.
LRT желісінде жалпы 18 станция қарастырылған. Олар екі түрге бөлінеді: жер үстіндегі (11 станция) және эстакадалық (7 станция).
Барлық станциялардың құрылысы 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарланған. Жоспарға қасбетті монтаждау, жерасты өткелдерін салу, ішкі әрлеу жұмыстары және айналасындағы аумақты абаттандыру кіреді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!