“Бос сөз болып қалмасын“ - Бектенов Нью-Йорк пен Токиоға рейстер ашуға қатысты уәде туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бос сөз болып қалмасын“ - Бектенов Нью-Йорк пен Токиоға рейстер ашуға қатысты уәде туралы Фото:depositphotos.com

Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігіне Қазақстаннан Токио мен Нью-Йоркке бағытталған, көптен бері талқыланып келе жатқан және күтіліп отырған тікелей рейстер туралы еске салды, деп хабарлайды Tengri Travel.


Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігіне Қазақстаннан Токио мен Нью-Йоркке бағытталған, көптен бері талқыланып келе жатқан және күтіліп отырған тікелей рейстер туралы еске салды, деп хабарлайды Tengri Travel.

"Мәселені баяғыдан көтеріп келеміз"

Үкімет отырысында премьер-министр көлік министрі Нұрлан Сауранбаевқа жүгініп, осы бағыттарды іске қосу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.

"Біз Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер ашу мәселесін баяғыдан бері көтеріп келеміз, бірақ әлі нәтиже жоқ. Қандай шаралар қабылдап жатырсыздар?" - деді Бектенов.

Жапония мен АҚШ-қа рейстер

Көлік министрінің айтуынша, Жапонияға рейсті биыл ашу жоспарланған.

"Токиоға келер болсақ - биыл төртінші тоқсанда. АҚШ-қа рейстерді келесі жылы, екінші тоқсанда ашамыз", - деп жауап берді Сауранбаев.

Осыдан кейін премьер тағы қандай халықаралық бағыттарды ашу жоспарланғанын сұрады.

Көлік министрлігінің басшысы қазіргі уақытта Астанадан 34 халықаралық бағыт бойынша рейстер орындалатынын хабарлады. Жыл соңына дейін тағы бес бағытты ашу жоспарланып отыр.

"Бұл тағы да бос сөз болып қалмасын", - деп қадап айтқан Бектенов жұмысты нақты нәтижеге дейін жеткізуді тапсырды.

Мән-жайы

Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Бұған дейін Tengri Travel осы бағыттардың іске қосылуы, соның ішінде алыс магистральды Boeing Dreamliner ұшақтарының жеткізілуіне байланысты екенін жазған болатын. Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров бұған дейін жеткізу мерзімдері бірнеше рет шегерілгенін, бірақ Қазақстан тарапынан міндеттемелер орындалғанын мәлімдеген еді.

Азаматтық авиация комитеті де Air Astana биыл Алматы - Токио рейсін ашу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.

Нью-Йорк рейсі бойынша ведомство бұған дейін АҚШ-қа ұшу үшін Қазақстанға Federal Aviation Administration бағдарламасы аясында CAT1 санатын алу, сондай-ақ Boeing 787-9 ұшақтарының жеткізілуін күту қажет екенін түсіндірген.

Бұл ретте рейстің іске қосылу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді: 2023 жылы бағытты 2025 жылы ашу жоспарланғаны хабарланса, кейін көлік министрлігі алғашқы тікелей ұшу 2026 жылдың екінші жартысынан ерте болмауы мүмкін екенін мәлімдеді.

TengriTravel
;