Бурабай ұлттық паркі Instagram-парақшасында өз аумағында әртүрлі көлік түрлерін пайдалануға қатысты маңызды хабарландыру жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Бурабай" МҰТП дирекциясы Ұлттық парк аумағында бизнестің мұндай түрін жүргізуге рұқсат берілмегенін еске салады. Суқоймалардың маңында "Көлге кіруге тыйым салынады" ақпараттық тақталар орнатылған.
"Күн сайын Ұлттық парктің инспекторлық құрамы Ақмола облыстық полиция департаменті Бурабай аудандық полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін рейдтік іс-шаралар өткізеді", - делінген хабарламада.
Биыл 1 қаңтар мен 5 ақпан аралығында жалпы қолданыстағы жолдан Бурабай көлінің мұзайдынына квадроциклдер шығып кетуіне байланысты 8 дерек тіркелді. Барлық жағдайда көлік құралдары тәркіленіп, иелеріне әкімшілік айыппұл салынған.
"Бурабай" МҰТП ұжымы Ұлттық саябаққа келушілерден табиғатқа жанашырлық танытуды, ықтиятпен қарауды сұрайды. Ұлттық парктің жергілікті тұрғындары мен қонақтарына экологиялық тұрғыда жауапкершілік танытып, табиғатты қорғау қызметін қолдағаны үшін алғыс білдіреміз.
Табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілеріне куә болсаңыз, оның ішінде көліктердің мұз бетіне шығып кеткенін көрсеңіз, МҰТП жедел басқару орталығына (ЖБО) мына телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 (716 36) 7 - 17 – 15".
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!