“Грузиямен тығыз байланыстамыз“ - СІМ қазақстандықтарға қатысты “дискриминация“ туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннен Қазақстан азаматтарының Грузияға кіре алмау жағдайлары туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннен Қазақстан азаматтарының Грузияға кіре алмау жағдайлары туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұған дейін Грузия шекарасында Қазақстан азаматтарын, барлық қажетті құжаттары бола тұра (қайтар билеттер, қонақүй броні, шақыру хаттар мен жеткілікті қаржы), елге кіргізбей қойған бірнеше оқиға жайлы хабарланған еді.

Кейбір азаматтар шекарадан өткен кезде "дискриминацияға" тап болғанын айтып берді: оларды шекарада бірнеше сағат тергеп, байланыссыз "күту бөлмесінде" ұстап, себебін түсіндірместен депортациялаған.

Кейінірек Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Грузия билігі тарапынан қандай да бір ресми ескерту немесе хабарлама түспегеннін мәлімдеді. Алайда Тбилисидегі консулдық консультациялар барысында қазақстандық тарап соңғы уақытта жиілеп кеткен жағдайларға алаңдаушылық білдірді.

Мәжіліс кулуарында Ақан Рахметуллин СІМ бұл мәселеге назар аударғаннан кейін, қазақстандықтарға қатысты бас тарту оқиғалары азайғанын хабарлады.

"Негізі, әр ел өз территориясына кімді кіргізіп, кімді кіргізбейтінін өзі шешеді. Бұл – олардың құқығы. Біз Грузиямен тығыз байланыстамыз. Біз бұл мәселені көтере бастағаннан кейін бас тарту оқиғалары бірден азайды. Демек, грузиялық тарап бізді естіп отыр, біз олармен жұмыс істеп жатырмыз", – деді вице-министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Грузияның Қазақстандағы елшісі Николоз Лалиашвили Қазақстанды "аймақтағы сенімді дос әрі негізгі серіктес" деп атаған. Ал шекарадағы тексерулерге қатысты ол барлық процедуралардың халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілетінін айтқан болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная