Катонқарағай ұлттық паркі аумағына фототұзақтар орнатылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Жабайы жануарлардың санын анықтау және олардың қозғалысын бақылау мақсатында Катонқарағай ұлттық паркі Алтай орманшылығы аумағында фототұзақтарды орнату жұмыстары жүргізілді.
"Бұл әдіс табиғатты зерттеуде тиімді құрал болып саналады, өйткені ол жануарларды алаңдатпай, олардың табиғи ортасындағы тіршілігін бейнелеуге мүмкіндік береді.
Жұмыстарды жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің бастығы Е.Т. Қасымов басшылығымен Алтай орманшылығы инспекторы А. Шакенов жүзеге асырды", - делінген хабарламада.
Алынған деректер орман экожүйесін сақтау және жануарлар популяциясын тұрақтандыру үшін маңызды рөл атқарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!