Көлік сатып алмақ болып, ақшасыз қалды: қазақстандық Қытаймен шекарада ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстандық шекарадан миллиондаған ақша алып өтпек болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық шекарадан миллиондаған ақша алып өтпек болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қытайдан көлік сатып алмақ болған Жетісу ауданының тұрғыны валюта айырбастау пунктінен 47 300 АҚШ долларын сатып алған. Бұл ақша "Нұр жолы" өткізу бекетінде кедендік тексеру кезінде оның қол жүгінен табылған. Кеден заңнамасына сәйкес азамат 10 мың АҚШ долларынан аспайтын ақша алып жүруге құқылы. Осы шектен асатын сомалар міндетті түрде жазбаша декларациялануға жатады.

"Жетісу облысының Панфилов аудандық соты тасымалданған ақшалай қаражатты рұқсат етілген мөлшерден асырып жіберген құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс материалдарын зерделей келе, оның осы соманың жартысы екі досқа тиесілі екендігі туралы түсініктемелерін есепке алмаған, себебі бұл туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Құқық бұзушының құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, тауарларды және олар бойынша құжаттарды ұстау актілерімен, түсіндірмелермен, кедендік тексеру хаттамаларымен, бейне жазбалармен және басқа да іс материалдарымен расталады", - делінген хабарламада.

Сот құқық бұзушының кінәсін мойындамауын қорғау және әкімшілік жауапкершіліктен жалтару құралы ретінде қарастырған. Сот куәлардың айғақтарына сыни көзқараспен қарады, өйткені олар құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершіліктен босатуды көздеген. Сондай-ақ, қаражатпен ұсталған күннен бастап іс сотта қаралғанға дейін куәгерлердің ешқайсы өздерінің мүліктік құқықтары мен мүдделерінің бұзылғаны туралы билік органдарына немесе сотқа шағым түсірмеген.

"Құқық бұзушының рюкзактарынан 47 300 доллар табылғаны дау туғызбайды. Жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Ұлттық банктің мәліметінше, заңбұзушылық болған кезде АҚШ долларының бағамы 484,19 теңге болған.

Құқық бұзушылықтың сипаты мен белгіленген мән-жайларды ескере отырып, құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза – мемлекет пайдасына 37 300 АҚШ доллары тәркіленіп, 4,5 миллион теңге айыппұл салынды", - делінген хабаралмада.

Міндетті декларациялау шегінен аспайтын 10 000 АҚШ доллары құқық бұзушыға - иесіне қайтарылған. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная