Парапланмен ұшқан: Шымбұлақта әйелге құтқарушылар көмегі қажет болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парапланмен ұшқан: Шымбұлақта әйелге құтқарушылар көмегі қажет болды Фото: Алматы құтқару қызметі 109

Шымбұлақ курортында парапланмен ұшқан әйел қонған кезде жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымбұлақ курортында парапланмен ұшқан әйел қонған кезде жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға бүгін шамамен сағат 11:50-де болған. Әйел 1982 жылы туғаны хабарланды.

"109 жедел қызметінің пультіне шақырту түсті: Шымбұлақта, "Комби-1" станциясынан жоғары жерде парапланмен қонған кезде әйел жарақат алған. Алдын ала мәлімет бойынша, аяғы сынған. Көмекке жедел түрде "Тұйықсу" құтқару жасағы шықты", – деп хабарлады 109 құтқару қызметі.

Оқиға орнына жеткен мамандар зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жарақаттанған аяғын шинамен бекітіп, тасымалдауды бастаған.

Шамамен сағат 13:00-де құтқарушылар әйелді "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының медициналық пунктіне жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты
;