Шымбұлақта жаңа маусым қашан ашылады: күні мен мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Шымбұлақ тау-шаңғы курортында маусым ашылатын күн белгілі болды. Курорт өкілдері әзірге техникалық ашылу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шымбұлақ тау-шаңғы курортында маусым ашылатын күн белгілі болды. Курорт өкілдері әзірге техникалық ашылу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Маусымның басталуы туралы ресми хабарлама курорттың Telegram-арнасында жарияланды.

"Техникалық ашылу күндерін жариялаймыз. Биылғы қысқы маусым 23 қарашада, сенбі күні ашылады", – делінген ұйым хабарламасында.

Ресми ашылу желтоқсанда өтетіні нақтыланды, себебі трассаларды дайындау үшін көбірек уақыт пен қар қажет.

"Түнгі сырғанаулар желтоқсанға қарай басталады", – деді курорт өкілдері.

Сонымен қатар, аспалы жолдардың жұмыс режимі туралы мәліметтер берілді:

  • Медеу - Шымбұлақ – 8:30-дан 18:00-ге дейін;
  • "Комби-1" – 9:00-ден 17:00-ге дейін;
  • "Комби-2" – 9:00-ден 16:30-ға дейін;
  • Сол Талғар – 09:30-дан 15:30-ға дейін;
  • ККД-4 – 09:30-дан 17:30-ға дейін.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная