Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Алматыда жалға берілетін пәтерлер қымбаттады 10 тамыз 2022, 15:56

Krisha.kz сарапшылары Алматыда пәтер жалдау бағасы орта есеппен 15 пайызға өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Krisha.kz сарапшылары Алматыда пәтер жалдау бағасы орта есеппен 15 пайызға өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тамыздың екінші аптасынан бастап пәтерлер бағасы өскені байқалған. 9 тамыздағы жағдай бойынша, Алматыда пәтер жалдау бағасы шаршы метріне 4900 теңге болды. Кейінгі айларда екі бөлмелі пәтер айтарлықтай қымбаттаған – баға 25 пайызға өсті. Бір бөлмелі пәтерлер бойынша өсім небәрі 7 пайыз, ал үш бөлмелі пәтерлер бойынша 14 пайыз болған.

Осылайша, маусымда бір бөлмелі пәтерлерді жалға алу орташа есеппен айына 140 000 теңге болған. Тамызда – 150 000 теңге.

  • Екі бөлмелі пәтерлер маусымда – 200 000 теңге, тамызда – 250 000 теңге,
  • Үш бөлмелі пәтерлер маусымда – 280 000 теңге, тамызда – 319 000 теңге.

Тұрғын үй кешендерінде тамызда пәтер бағасы шаршы метріне - 5200 теңге.

2015-2020 жылдары салынған тұрғын үй кешенін жалға алу құны:

  • бір бөлмелі пәтерлер – 150 000 теңге;
  • екі бөлмелі пәтерлер – 340 000 теңге;
  • үш бөлмелі пәтерлер – 500 000 теңге.

Пәтер жалдау ақысы да қала аудандарына байланысты айтарлықтай ерекшеленеді. Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб, Әуезов аудандарындағы бір бөлмелі пәтерлер 150 мың теңгеге дейін барады. Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында 170 мың теңгеден басаталды. Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб және Әуезов аудандарында екі бөлмелі пәтерлер айына 170-200 мың аралығында болады. Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында екі бөлмелі баспананың бағасы 250 мың теңгеден басталады.

Қаланың әр ауданындағы өзгерістерге келсек, Бостандық, Медеу және Жетісу аудандарында екі бөлмелі пәтерлердің, Медеу, Бостандық және Әуезов аудандарында үш бөлмелі пәтерлердің жалдау ақысы айтарлықтай өскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram