29 қазан 2020 09:44

Алматыда кей азық-түлік түріне шекті баға белгіленуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Almaty.tv © Almaty.tv

Алматыда жекелеген азық-түлік түрлеріне шекті баға енгізу жоспарланып отыр. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты болмақ. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасындағылар айтты,  - деп хабарлайды Almaty.tv.


Алматыда жекелеген азық-түлік түрлеріне шекті баға енгізу жоспарланып отыр. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты болмақ. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасындағылар айтты,  - деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандар жиі мониторинг жүргізіп, қаладағы ірі сауда желілеріндегі өнімдер құнының тұрақты болуын қадағалаумен айналысып жатыр. Алайда базарлар мен шағын дүкендердегі сатушылар қалтаның қамын күйттеп, ойдағы бағаны қоятын көрінеді. Оған келген тексерушілер көз жеткізген.

Нан, қарақұмық, макарон, сүт және сол сияқты 15 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауар. Бұл тізімге халыққа аса қажетті азық-түлік өнімдерінің түрі кірген. Телеарна мәліметінше, бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының аспандап кетпей, тұрақты болуы үшін әкімдік өкілдері жиі тексеру жүргізеді екен.

Ескертпей келетін тексерістер сауда орталықтарымен қатар базарларда да жасалады. Өйткені онда бағаны қадағалау қиынырақ дейді мамандар. Кейде сатушылар бірден бағаны көтеріп жібереді екен.

Осындай деректі көрген мамандар сатушылармен бірден түсіндірме жұмысын жүргізіп, жауапкершілік туралы жеткізеді. Өз кезегінде, саудагерлер баға тауар жеткізетіндерге байланысты көтеріледі деп ала қашқан.

"Осындай қолға алынған шараның арқасында 3 ай бойы азық-түлік бағаларына бағаны ұстап тұрдық. Бүгінде тағы қосымша құнды көтермеу турасында келісім-шарттар жасалды. Енді 10 тауар түрі бойынша ірі сауда нүктелерінде жыл соңына дейін баға тұрақты болады", - деді қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети