Апта басында ұлттық валюта әлсіреді

05 Қараша 2018, 11:40
0

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында долларына 371,99 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

5 қарашадағы таңғы сауданың бірінші келісімі 372 теңгемен өтті. Максимал құны 373 теңге болды, ал минимал құны - 371,45 теңге. Сауданың жалпы көлемі 37 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау орындарында 371,2-372,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астана уақытымен сағат 10.48-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 72,41 доллар болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай