12 ақпан 2014 13:44

Астанада кәсіпкерлердің қатары 1,1%-ға көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

иллюстрация ©Алаш айнасы иллюстрация ©Алаш айнасы

Қаңтар айында Астанада заңды тұлғалардың қатары 1,1%-ға артқан. Бұл туралы Tengrinews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Астана қаласы статистика департаментінің мәліметінше, елордада 2014 жылдың қаңтар айында 553 кәсіпорын мен ұйым тіркелген. 22 заңды тұлға жойылды. Қайта тіркелген нысандардың басым бөлігі - 51,2%-ы Алматы ауданында шоғырланған. "Жаңа заңды тұлғалардың ішінде 535-і - жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 13-і қоғамдық ұйым мен қор, үшеуі -тұтынушылық кооператив, біреуі - өндірістік кооператив және біреуі - мекеме", - делінген хабарламада. Өткен айда қызметін тоқтатқан кәсіпорындарға келсек, олардың дені - жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети