14 ақпан 2014 | 16:36

Базардағы баға ырыққа көнбей тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Доллардың өсуіне байланысты ел Үкіметі барлық деңгейдегі әкімдерге азық-түлік тағамдары мен бірінші кезекті тұтынатын тауарлардың бағасының шарықтап кетпеуін ерекше тапсырған болатын. Бұл ретте Астана мен Алматы қаласының әкімдері, барлық облыс басшылары өз аппараттарында шұғыл жиналыс өткізіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қадағалау мақсатында арнайы штаб құрған еді. Тапсырманы орындау әкімдердің орынбасарларына жүктелген. Осы ретте Алаш айнасының тілшісі базардағы азық-түлік тауарларының нақты бағасын білу үшін Алматыдағы бірқатар базарлар мен супермаркеттерді аралап қайтқан еді. "Алтын орда" базарында баға 20 пайызға өскен "Алтын орда" базарындағы саудагерлермен сөйлескенімізде, олар тауар бағасын 20 пайызға көтергендігін нақты жасырмай айтып отыр. "Теңге девальвациясына байланысты тауар бағасы міндетті түрде өседі. Өйткені біз шығынға батқымыз келмейді. Осыдан екі-үш күн бұрын бір теледидарды фирмадан 9 мың теңгеге алып, оны 10-11 мың теңгеге сатсақ, қазір 13 мың теңгеге бағалап отырмыз. Себебі, ол теледидарды бізге фирма 12 мың теңгеге беріп отыр. Сонда біз оны қалай 10 мың теңгеге сатпақпыз? Ол мүмкін емес", - дейді аталмыш базарда тұрмыстық техникалар мен электрондық бұйымдар сататын Айсұлу апай. Сол секілді кішкентай сәбилерге берілетін "Малютка" атты құрғақ сүт те осыдан шамалы уақыт бұрын мың теңгеге сатылса, қазір 1150-1200 теңгеге көтерілген. 5 литрлік "Жайлау" күнбағыс майы 1100 теңге болса, қазір оның бағасы 1250-1300 теңгеге өскен. Бес мың теңгенің сырт киімі де мұнда 6500-7000 теңгеге бағаланып отыр. "Біз заттарымыздың бағасын амалсыздан көтеріп отырмыз. Егер бұрынғы бағамен сатсақ, өзіміз шығынға батамыз. Ал бағаны сәл көтеретін болсақ, онда тауар өтпей қалады. Қазірдің өзінде сауда жоқ. Ал біз тауарлардың барлығын шетелден тасимыз. Ол жақта барлығы доллармен есептеледі. Сондықтан бағаны көтеруге мәжбүр болып отырмыз. Әр киімнің үстіне 20 пайыздан қостық", - дейді Марат есімді киім сататын жігіт. Мұнда халық көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар тауарлар: картоп, сәбіз, пияздың да бағалары өскен. Мәселен бір келісі 70 теңге тұратын картоп 85 теңгеге, 70 теңгеге сатылып жүрген сәбіз 100 теңгеге көтерілген. Пияздың бір келісі бұрын 70 теңге болса, қазір оның бағасы 80 теңгеге өскен. Осылайша Үкімет пен жергілікті билік теңге девальвациясына байланысты бағаның өсуіне қанша жол бермейміз дегенмен, сауда орындарындағы баға ырыққа көнер емес. Тіпті саудагерлерге "Мұнда әкімшіліктен қызметкерлер келіп, тауар бағасын өсірмеу туралы сіздерге ұсыныс айтты ма?" десек, олар: "Жоқ, бізге ешкім келген емес. Доллар көтерілсе, тауар бағасы міндетті түрде өсетінін бесіктегі балаға дейін біледі. Бізге фирмалардан тауар бағасы өсіп келсе, оны қалайша төмендетіп сатамыз? Егер әкімдіктен келген күннің өзінде, олар бағаны тежеп ұстай алмайды",- дейді ондағылар. "Көк базардағы" тауардың бағасын көріп шошып кеттік "Алтын орда" базарында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өсіп кетті деп өкініп жүрсек, "Көк базардағы" баға тіптен шарықтап кеткен екен. "Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің" демекші, мұнда картоп пен пияздың бір келісі – 250 теңгеге бір-ақ көтерілген. "Шедевр" күнбағыс майы "Алтын ордада" 1250-1300 болса, мұнда ол 1500 теңгеге сатылып отыр. Сиыр еті 1000-1300 теңге, қой еті 1250 теңге, ал жылқы еті 2100 теңгеге шарықтаған. Тауық еті 1500 теңгеден жоғары сатылып жатыр. 300-400 теңгеге алып жүрген шұбат 550, қымыз 600 теңгеге көтерілген. Сиыр сүті 250 теңгеге сатылуда. "Алтын ордада" 250 теңге тұратын "Сары бұлақ" жұмыртқасы мұнда 350, 400, қолдың жұмыртқасы 500 теңгеге аспандаған. 40 теңгелік бананның бір данасы 70 теңгеге көтеріліпті. Алма бұрын 200-300 теңге болса, ол да 500 теңгеге көтерілген. Алмұрт 800-1000 теңгеге өскен. "Нұр мұсылман", "Аңсар" шұжықтарының әр келісі 1000 теңгеден сатылып отыр. Дәретхана қағазының бағасына дейін көтерілген. – Мен "Зева" дәретхана қағазын осыған дейін 250 теңгеден сатып тұрғанмын. Енді оның фирмадағы құны 287 теңге болып отыр. Фирманың бәрі тауарды сырттан алып келеді, онда доллармен есептелетіндіктен, олар да бағасын өсіріп отыр. Өзіңіз ойлаңызшы, 250 теңгеден сатып отырған затымызды енді фирмадағылар 287 теңгеге берсе, оны біз қалай 250-ге сатамыз? Әрине енді біз де қосатын боламыз. Оның бағасы шамамен 300 теңге болса, біз оны 350 теңгеге бағалаймыз. Сонда құр қағаздың өзіне 100 теңге қосылып отыр. Енді осылай бәрі қымбаттай береді, - дейді ұнтақ, сусабын секілді тазалық үшін қажетті тауарларды сататын апай. Қолмен жууға арналған "Миф" ұнтағы осыдан екі-үш күн бұрын 180 теңге болса, қазір 200 теңгеден жоғары, ал автоматпен жуатын "Миф" ұнтағы алдында 200-ден сатылса, қазір 250 теңгеге бағаланып отыр. Сонымен бірге мың теңгеден сатылатын 10 келілік макарондар мұнда 1300 теңгеге өскен. Жақында үш мың теңгеден сәл жоғары бағаланып отырған жоғарғы сортты 50 келілік "Цесна" ұны бес мың теңгеге сатылуда. Темір тұлпар бөлшектері де қымбаттапты Базардағы бағамен танысып болған соң, "Саяхат" автобекетінің жанында орналасқан автокөліктің қосалқы бөлшектерін сататын "Тұлпар" сауда орнына да кірдік. Ондағы сауда жасаушылар да тауарларының бағасына 20 пайыз қосқандығын айтты. "Біз доллармен жұмыс істейміз. Әрине доллар көтерілген соң, еріксіз тауар бағасы да өседі. Бұрын бір аккумулятор 14 мың теңге тұратын, қазір 16-17 мыңға өсті. Оны қосатын біз емес, тауарды шетелден әкелгеннен кейін, онда баға доллармен есептеледі. Сондықтан бағаның өспеуі мүмкін емес. Тек мен ғана емес, осында сауда жасайтындардың барлығы тауарларының бағасына 20 пайыз қосып отыр. Өйткені бұрынғы бағамен сату тауардың өз құнын ақтамайды", - дейді аталмыш сауда орнында көлік дөңгелектері мен аккумулятор сататын Марат есімді азамат. "Green" мен "Magnum"-да тауар бағасы қалыпты Базарлардағы бағамен танысқан соң, біз Алматыдағы бір-екі ірі сауда орындарына да бас сұғып көрдік. Естеріңізде болса, Қазақстанның ірі сауда орындары да теңге девальвациясына байланысты импорт тауарларының құнын өзгертуге талпынған болатын. Тіпті кейбір техника сататын ірі дүкендер де тауар бағаларын шамамен 20 пайызға арттыру үшін жұмыстарын уақытша тоқтатқан еді. "Саяхат" автобекетінің маңында орналасқан "Green" гипермаркетіне кіргенімізде, онда тауарлардың бағасы өзгермеген, бұрынғы қалпында сатылып отыр. Бірақ кейбір тауарларды көптеп алуға шектеу қойылған. Осыдан екі-үш күн бұрын қант пен шекерді қаптап алуға болатын болса, қазір оны бес келіден артық бермейді. Бұл жерде айта кеткен жөн, БАҚ құралдары доллар бағамының көтерілгендігін жариялаған бетте, көптеген дүкендер шұғыл түрде жабылып, кейбіреулері бағаларын өзгерте бастаған. Алайда әкімдік әрбір ауданда жеке штаб құрып, бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейткен. Соған қарағанда жергілікті әкімдік ірі сауда орындарындағы тауарлардың бағасын ғана бақылауға алып, ал базарлардағы бағаны қадағалауға алуды ұмытып кеткен тәрізді. Өйткені біз кірген "Green" мен Рысқұлов пен Жангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан "Magnum" сауда орындарында тауар бағалары өспеген. Тек кейбір тауар түрлерін көптеп алуға шектеу қойылған. "Мұның барлығы уақытша, алдағы уақытта бәрібір тауар бағасы өсетін болады",- дейді сонда азық-түлік алып жүрген тұрғындар. Міне, біз аралап көрген сауда орындарындағы жағдай осындай. Бұл жерде жергілікті әкімдік тек ірі супермаркеттердегі тауар бағаларына ғана бақылау жүргізген секілді. Ал базардағы баға ырыққа көнбей тұр. Сондықтан жергілікті билік тек ірі сауда орындарындағы бағаны бақылауға алмай, базарлардағы бағаларға да қадағалау жасаса дұрыс-ақ болар еді. Бірақ ондағы сауда жасаушылар әкімдіктің ұсынысына көне қояр ма екен, әй, қайдам?..

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети