Елімізде жыл басынан бері менингококк бойынша 89 жағдай тіркелген

30 Қараша 2018, 11:56
0
Елімізде жыл басынан бері менингококк бойынша 89 жағдай тіркелген - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Елімізде жыл басынан бері менингококк инфекциясының 89 жағдайы тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктегілердің мәліметінше, эпидемияға қарсы іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр.

"2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 89 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта республикада менингококк инфекцияның спорадиялық жағдайлары тіркеліп жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Жаңа жағдайлар тіркелмеген", - деп хабарлады министрліктегілер.

Менингококк инфекциясы - бактериялар тудыратын, симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттан (мұрын және жұтқыншақтың сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингит (ми қабығының қабынуы), менингококк сепсисіне (қанның зақымдануы) дейін әртүрлі клиникалық белгілермен өтетін - жіті инфекциялық ауру екендігін есте сақтау қажет. 

Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге жүгіну және оның барлық ұсынымдарын орындау қажет.

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

"Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет. Ұйымдастырылған ұжымдарда үй-жайды жиі желдету, күн сайын ылғалды тазалау жүргізу керек. (...) Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану қажет. Салқын тиюді, ашығуды, ұйқының қанбауын, күзелісті және т.б. болдырмау керек", - деп кеңес берді ведомстводағылар.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай