Биржада ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 368,43 теңге болды
KASE таңғы саудасында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 368,43 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 29 қазандағы күндізгі сессияда бір доллар 368,29 теңгеге бағаланған еді.
KASE таңғы саудасында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 368,43 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 29 қазандағы күндізгі сессияда бір доллар 368,29 теңгеге бағаланған еді.
30 қазан таңғы саудада алғашқы келісім 368,55 теңгемен жасалды. Минимал баға - 368,15 теңге. Ал ең жоғары баға 368,8 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 30,55 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы ақша айырбастау орындарында - 367,2-369,6 теңге. Астана уақытымен сағат 11.05-тегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне - 77,18 доллар.