06 шілде 2024 10:44

Алматыда тапа-тал түсте аялдаманы қиратқан вандал ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы полициясы тапа-тал түсте Бостандық ауданында аялдаманы кірпішпен қиратқан ер адамды ұстады. Оның әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полициясы тапа-тал түсте Бостандық ауданында аялдаманы кірпішпен қиратқан ер адамды ұстады. Оның әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті бұзақы 32 жастағы ер адам екенін атап өтті.

"Ол аялдама кешендерінің бірінің терезесін қымсынбай сындырған. Құқық бұзушының жеке басы бірден анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дидар Аханов.

Ұсталған адамның өзі автобус күтіп тұрып, ашуланып, өзін ұстай алмай терезелерді сындырғанын айтты.

Алматы полициясы азаматтарды заңды қатаң сақтауға және қылмысқа мүлдем төзбеушілік танытуға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети