07 шілде 2024 15:09

Ақтөбеде ер адам медициналық орталықтың күзетшісін ұрып тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

depositphotos.com depositphotos.com

Ақтөбеде психикалық ауытқуы бар адам медициналық орталыққа келіп, күзетшіні ұрып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Ақтөбеде психикалық ауытқуы бар адам медициналық орталыққа келіп, күзетшіні ұрып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Пацаев көшесіндегі жеке медициналық клиникада болған.

41 жастағы мас ақтөбелік кассада тұрған қыздан ұялы телефонын тартып алған, оған қоса көмекке келген күзетшінің беті мен басынан екі рет ұрған. Күзетші құлап, орнынан тұрмақ болғанда шабуыл жасаған ер адам тағы бетінен тепкен.

Бұзақылық бабы бойынша шабуыл жасаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек ол созылмалы психикалық аурумен ауыратыны белгілі болды. Сот күзетшіге шабуыл жасалған кезде ол өзінің әрекетін түсінбегенін анықтады. Оған психикалық жағдайы бойынша ауруханада мәжбүрлі ем қажет болған. Жәбірленушінің өзі айыпталушыны кешіріп, оған ешқандай талап қойған жоқ.

Сот бұзақылық жасағаны үшін айыпталған адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жалпы типтегі психиатриялық стационарға мәжбүрлі емге жіберді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети