Әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстері 1,44 пайызға арзандап, 74,86 доллар болды. Бұл сауда деректеріне сәйкес, Астана уақыты бойынша 14:30-да тіркелген.
WTI маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстері 2,11 пайызға төмендеп, бір баррель бағасы 71,61 долларға дейін құлдырады.
Аналитиктердің айтуынша, мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың Мексика мен Канададан келетін мұнайға баж салығын енгізуді кейінге қалдыру туралы шешімі әсер еткен. Бұл елдер АҚШ-тың негізгі мұнай жеткізушілері болып табылады.
Сондай-ақ, ОПЕК+ альянсының өндірісті қысқарту туралы келісімді сақтайтынын мәлімдеуі нарыққа ықпал етті. Ұйым бұл шешім мұнай бағасының тұрақтылығын сақтау мақсатында қабылданғанын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!