09 ақпан 2021 09:31

Brent мұнайының бағасы барреліне 61 доллардан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Brent маркалы мұнайдың құны 2020 жылдың 24 қаңтарынан бастап алғаш рет барреліне 61 доллардан жоғары көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Лондондағы ICE биржасында өткен сауда деректеріне сілтеме жасап.


Brent маркалы мұнайдың құны 2020 жылдың 24 қаңтарынан бастап алғаш рет барреліне 61 доллардан жоғары көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Лондондағы ICE биржасында өткен сауда деректеріне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.16-дағы жағдай бойынша, Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына сәуір фьючерстерінің бағасы 0,51 пайызға - барреліне 61,1 долларға дейін өсті. Ал WTI маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы елорда уақытымен 05.19-да 0,64 пайызға, барреліне 58,34 долларға дейін өсті.

Бұған дейін Brent маркалы мұнайдың құны 2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап алғаш рет барреліне 60 доллардан жоғары көтерілгені хабарланған болатын. 

Еске салайық, бұған дейін АҚШ Энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) мұнай бағасы бойынша жыл сайынғы болжамды жариялаған болатын. Онда ең оптимистік "жоғары баға сценарийінде" Brent мұнай баррелінің құны 2050 жылға қарай 173 долларға жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети