Доллар 300 теңгеге тең болса қазақстандықтардың өмірі өзгермейді - қаржы министрі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. © Тұрар Қазанғапов Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. © Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтардың жалақысы мен сатып алу әлеуетінің доллар бағамына тәуелді болмауы керек екенін мәлімдеді. Бұл пікірді ол Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Парламент Мәжілісінің үзілісі кезінде айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтардың жалақысы мен сатып алу әлеуетінің доллар бағамына тәуелді болмауы керек екенін мәлімдеді. Бұл пікірді ол Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Парламент Мәжілісінің үзілісі кезінде айтты.

"Біз жаңа ұстанымға өттік, сондықтан уақыт талап етіледі", - деді ол Қазақстанның теңгенің еркін ауытқу бағамына өтуіне қатысты пікір білдіре отырып.

Tengrinews.kz тілшісінің доллар бағамының 300 теңгеден асқан жағдайына қатысты сұрағына ол "Мұны нарық көрсетуі тиіс, жаңа ұстанымдарымыз осыған негізделген" деп жауап берді. "Екі аптаның ішінде жаңа бағам белгіленеді деп айтылды, бірақ 20 тамыздан бастап сонша уақыт өтіп кетті. Соған қарағанда, уақытты қажет ететін көрінеді", - деді ол.

"Доллар бағамы 300 теңгеден асқанда жалақысы өзгермеген қазақстандықтар қалай өмір сүреді?" деген сауалға ол былай деп жауап берді: "Біз жалақыны бірнеше жылдың ішінде екі есе көтердік. Жалпы алғанда, жалақыны көтеру доллармен байланысты болмауы тиіс, еңбек өніміне сәйкес болуы керек. Азаматтардың барлық саудасы теңгемен жасалады, импорттың басым екендігі белгілі. Ал, жалпы, біз жүргізіп отырған жұмыс кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігінің арқасында теңдікке әкеледі", - деді қаржы министрі.

Tengrinews.kz тілшісінің "Сонда сіз доллар 300 теңгеге тең болса қазақстандықтардың өмірі өзгермейді деп ойлайсыз ба?" деген сауалына былай деп жауап қатты: "Меніңше, өзгермеуі керек. Себебі қазақстандықтардың жалақысы мен сатып алу әлеуеті экономикадағы еңбек өніміне тәуелді болуы тиіс". 

Айта кетейік, бүгін, 16 қырүйекте қазақстандық банктерде доллар бағамы 300 теңгеден асты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro