16 қыркүйек 2015 13:16

Қазақстандық банктерде доллар бағамы 300 теңгеден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Доллар бағамы қазақстандық банктерде 300 теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 12.30-дағы жағдай бойынша, Қазком өзінің ресми сайтына қолма-қол ақшасыз айырбастау үшін 299,62 теңге бағамын қойды. Ал сатып алу бағамын 295,74 теңге деп белгіледі. Өз кезегінде ЦентрКредит пен AsiaCredit Bank ресми сайттарында бағам 301 теңге деп көрсетілген. Еуразиялық банкте - 299,9, ал Qazaq Banki - 296,5.

Еуразиялық банк

Qazaq bank

Қазкоммерцбанк

Банк ЦентрКредит

AsiaCreditBank

Ақша айырбастау орындары да бағаны көтерді. Kurs.kz порталының мәліметтері бойынша, алматылық RDK-Exchange №2, Limpopo мен Лимон №1 долларды 297 теңгемен сатып жатыр. "Мер-Нұр" ЖШС 297,5 теңге деген баға қойды.

Айта кетейік, кеше, 15 қыркүйек күні кешкі сессияда ғана доллар бағамы 282 теңге болған еді. Бірнеше сағаттың ішінде бағаның шамамен 20 теңгеге дейін көтерілгенін байқап отырмыз. 

Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.

Сонымен қатар, бұған дейін Астанада ақша айырбастау пункттерінің жұмысын жаппай тоқтатып жатқаны белгілі болды. "Мұндай қысыммен жұмыс істеу мүмкін емес. Ары қарай жұмыс істеудің мәні жоқ. Адамдар күйгелектеніп жатыр. Үнемі тексеріс, сондықтан да қысым көп. (...) Мұнда қара нарық қызу жұмыс істеп тұр, яғни заңсыз келісімдер өршіп тұр. Қара нарықта жұмыс істеуге көшу керек немесе мүлдем жұмыс істемеген жөн. Біз жұмыс істемеуді ұйғардық, қалғандары қара нарықты таңдап жатыр. Басқа жол жоқ", - деді "Байлык Finance" айырбастау пунктінің иесі Айгүл Салыбекова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети