14 қыркүйек 2015 16:53

Астанада ақша айырбастау пункттері жұмысын жаппай тоқтатып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада ақша айырбастау пункттері жұмысын жаппай тоқтатып жатыр. Доллар бағамының күрт өсуіне байланысты иелері айырбас пункттерді жабуға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Байлық Finance" айырбастау пунктінің иесі теңгенің құлдырауынан осындай қадамға барғанын айтып отыр.


Астанада ақша айырбастау пункттері жұмысын жаппай тоқтатып жатыр. Доллар бағамының күрт өсуіне байланысты иелері айырбас пункттерді жабуға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Байлық Finance" айырбастау пунктінің иесі теңгенің құлдырауынан осындай қадамға барғанын айтып отыр.

"Мұндай қысыммен жұмыс істеу мүмкін емес. Ары қарай жұмыс істеудің мәні жоқ. Адамдар күйгелектеніп жатыр. Үнемі тексеріс, сондықтан да қысым көп. (...) Мұнда қара нарық қызу жұмыс істеп тұр, яғни заңсыз келісімдер өршіп тұр. Қара нарықта жұмыс істеуге көшу керек немесе мүлдем жұмыс істемеген жөн. Біз жұмыс істемеуді ұйғардық, қалғандары қара нарықты таңдап жатыр. Басқа жол жоқ", - деді "Байлык Finance" айырбастау пунктінің иесі Айгүл Салыбекова.

Ол осы жағдайға байланысты алты айырбастау пунктін жабуға тура келгенін айтты. Күзетшілерді қоспағанда 24 кассир жұмыссыз қалған.

"Мен тексерістерге бола жауып жатырмын. Бір күні Ұлттық банктің өкілдері мені кешкі сағат сегізге дейін тексерді. Ертеңіне Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері келді. Мұндай жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес", - деді Айгүл Салыбекова.

Сонымен қатар, бүгін елордадағы бірқатар пункт қызмет көрсетуден бас тартты. Ақша айырбастау пункттерінің көбінде электронды таблолар өшірулі. Ал кейбірі "жабық" деп жазып қойған.

 

Жұмыс істеп тұрған жалғыз айырбастау пунктінде адамдар кезекте тұр. Жабылу себебін олар түсіндірмеді.

Айта кетейік, KASE қор биржасының 14 қыркүйек күнгі таңғы сессиясында доллар бағамы 273,55 теңгеге дейін өсті. Шетел валютасы кезекті рекордын жаңартып отыр. Бұған дейінгі рекорд 11 қыркүйектің кешкі сессияда жаңарған еді. Сол уақытта бір доллар 264,2 теңгеге бағаланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети