Доллар бағамы 279 теңгеге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы 279 теңгеге жетті © Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 26 қазанында KASE кешкі сессиясы бойынша доллар бағамы 279,2 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасы мұндай деңгейге соңғы рет 2015 жылдың 18 қыркүйегінде көтерілген еді. Ол кезде доллар 279,48 теңге болды.

26 қазан күні кешкі сессияда алғашқы келісім 278,95 теңгеден басталды. Бұл минималды баға болды. Ең жоғарғы баға - 279,35 теңге. Сауда көлемі 7,5 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 9 мүшесі қатысты. 

Еске сала кетейік, доллар бағамы 2015 жылдың 16 қыркүйегінде 285,77 теңгеге дейін көтерілді. Ақша айырбастау орындары долларды 300 теңгеден сата бастады. Сол кезде Ұлттық банк алғаш рет интервенция жүргізді. Интервенция құны 16 қыркүйекте 144 миллион доллар болды. Кейін ҚР Ұлттық банкі 2015 жылдың 31 қазанына дейін кемінде 3 миллиард АҚШ доллары сатылады деп хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети